Алматыға 2015 жылдың ақпанында ХОК бағалау комиссиясы келеді

6 Ақпан, 2015 18:23
Халықаралық олимпиада комитетінің бағалау комиссиясы Алматыға 2015 жылдың 14-18 ақпанында келеді.

ХОК мүшелері бірнеше күн аясында қаланың спорт нысандарын аралап Алматының Олимпиада – 2022 қабылдауға дайындығын қарайды. Делегат құрамында Александр Жуков – Ресей Федерациясының ХОК басшысы, РФ вице-премьері, Цунеказу Такеда – Жапония Олимпиада комитетінің төрағасы, Адам Пенгили – халықаралық спортшылар өкілі бар.

Олимпиада-2022 өткізу үшін 6 қала өтініш берген болатын, оның ішінде Алматы, Пекин, Осло қалалары басты үміткер ретінде таңдалған. Өткен жылдың қазан айында Норвегия өз өтінішін қайтарып алды.

«Алматы-2022» өтініш беру комитеті тұжырымдама әзірледі. Ол 8 спорт нысанын қолдануды сондай-ақ, тағы 4 нысанның құрылысын қарастырады. Оның екеуін Өскеменде ашу жоспарланған. 

Барлық жаңалықтар