- Басты
- Жаңалықтар
- Алматыда Қазақстан халқының Ассамблеясы жылы басталды
Алматыда Қазақстан халқының Ассамблеясы жылы басталды
Қала әкімдігі хабарлағандай, Ахметжан Есімов жиналған қауымды Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың атынан құттықтады және Мемлекет басшысының бастамасымен құрылған әрі биыл өзінің 20 жылдығын атап өтетін Қазақстан халқы Ассамблеясының еліміздің қалыптасуында аса зор роль атқарғандығын ерекше атап өтті. Осыған орай, Нұрсұлтан Назарбаевтың Жарлығымен биылғы 2015 жыл Қазақстан халқының Ассамблеясы жылы деп жарияланды.
«Биылғы жыл - ортақ тарих пен тағдыр мәңгілікке біріктірген халқымыздың бірлігін паш ететін жыл. Қазақстан - бұл біртұтас жер, біртұтас халық, ортақ болашақ! Сондықтан, Ассамблея жылының басты идеясы - «Менің Елім - Мәңгілік Ел! Егемендік, бірлік және келісім рухы болашаққа деген сенімімізді арттырып, күш-қуатымызды еселесін! Біз - тағдыры ортақ, бірлігі жарасқан біртұтас елміз! Біздің қазақстандық жол - бейбітшілік, келісім және даму жолы!», - деген сөздер жазылған Мемлекет басшысының жеделхатын әкім жиналғандарға оқып берді.
Бұдан өзге қала әкімі Алматының Қазақстан халкы Ассамблеясының құрамына 34 этномәдени бірлестіктің енетіндігін, олардың этноаралық келісім мен этномәдениетті дамытуға зор үлес қосып келе жатқандығын баса көрсетті. Мегаполистің барлық аудандарында қоғамдық келісім Кеңестері құрылған. Олардың құрамына «Нұр Отан» партиясы қалалық филиалының,ҮЕҰ мен жастар ұйымдарының өкілдері, этномәдени бірлестіктер басшылары енген. Кеңес жиындарында қоғамдық-саяси мәселелерді шешу жиі талқыланып, игілікті істер жүзеге асуда.
«Біз мегаполистің саяси, мәдени процесстері мен қоғамдық өміріне барлық этноұйымдар өкілдерінің толық қатысуын қамтамасыз етіп, өзіміздің принциптерімізге адал болудамыз», - деп қорытындылады сөзін Ахметжан Есімов.
-
Сарапшы: «Қазақстан ұлт болып ұйысудың өзіндік моделін қалыптастырды» -
Қазақстан мен әлемдегі эпидемиологиялық жағдай: «Омикрон» штамы әлемнің 20 мемлекетінен табылды -
Қазақстан сыртқы саясатының 30 жылдық белестері -
Асқар Мамин: Қазақстан өз даму жолында сапалы серпіліс жасады -
ДСМ: Қазақстанда коронавирус жұқтыру 2,4 есеге азайды -
Қазақстанда ревакцинациялау науқаны басталды -
Билік пен қоғам диалогы: X Азаматтық форум басталды -
Қазақстанның сыртқы саясаты: Экономикалық дипломатия, геосаяси жағдай, экспорт және инвестиция -
АШМ: Қазақстанда дәнді және дәнді-бұршақты дақылдарды жинау аяқталды -
Қазақстанда Pfizer вакцинасымен кімдер егіледі, қайда және қалай жүзеге асады -
Қазақстанға Pfizer вакцинасының алғашқы партиясы жеткізілді -
Италияда пандемияның төртінші толқыны басталды, ЕО Украинаны «жасыл тізімнен» шығарды -
Жылыту маусымы: Өрт қауіпсіздігі қалай қамтамасыз етіледі -
Сарапшылар: «Қазақстан студенттер альянсы» дайындаған рейтингтер сапасыз» -
COVID-19: Министр Қазақстандағы эпидемиологиялық жағдайға жаңа болжам айтты