- Басты
- Жаңалықтар
- Қызылордада Қазақстан халқы Ассамблеясының жылы ашылды (Фото)
Қызылордада Қазақстан халқы Ассамблеясының жылы ашылды (Фото)
Облыс әкімдігі хабарлағандай, «Тілі басқа – тілегі бір, жүзі басқа – жүрегі бір» барлық ұлт өкілдері осы күні орталық алаңнан табылды.
Қызылорда облысының әкімі Қ.Көшербаев, қоғам қайраткері А.Ақдәулетова, өзбек этномәдени бірлестігінің төрағасы А.Хамидов, «Мұрагер» мектебінің оқушысы Д.Маркова Ассамблея жылының ашылуымен құттықтап, жылы лебіздерін білдірді.
Мұнан соң салтанатты түрде Қазақстан халқы Ассамблеясы жылының туын көтеру рәсімі өттіі. Туды корей халқының ұлттық батыры Ге Бон У-дың ұрпағы Ге Хак Рим, Қазақстан халқы облыстық ассамблеясының мүшелері М.Арифов пен И.Гафуров көтерді.
Ассамблея - татулық пен тұрақтылық, бірлік пен достық, келісім мен ізгіліктің символы. Жастар мерекеге орай флеш-моб ұйымдастырып, Ассамблея жылының логотипі белгіленген 500 шарды әуеге ұшырды.
«Мерекеге арналған салтанатты шара Н.Бекежанов атындағы музыкалық драма театрда жалғасты. Этномәдени бірлестіктер қолөнер бұйымдарының көрмесін ұйымдастырды. Салтанатты шараға қатысқан аймақ басшысы Ассамблеяның орны ерекше екендіге тоқталды», - делінген хабарламада.
«Қазақстан халқы Ассамблеясы жылының салтанатты ашылуы еліміз бойынша бір мезетте барлық өңірлерде өтіп жатыр. Қазақстанда тату-тәтті тұрып жатқан түрлі ұлттар мен ұлыстардың достығы мен бірлігіне әлем таң қалып, отанымыз достықтың құтты ұясы, бауырластар мекені атанды. Оның жарқын көрінісі Елбасының бастамасымен өмірге келген Қазақстан халқы Ассамблеясына – 20 жыл. Бірлігіміз бекем, достығымыз тұрақты болсы», - деді облыс әкімі Қ.Көшербаев.
Мерекелік шарада түрлі қойылымдар көрсетіліп, жергілікті өнерпаздардың ән-шашуымен жалғасты. Жалпы, Қазақстан халқы Ассамблеясына арналған шаралар жыл бойына жалғасатын болады.
-
Сарапшы: «Қазақстан ұлт болып ұйысудың өзіндік моделін қалыптастырды» -
Н.Назарбаев: Туған халқымның сенімін ақтау үшін бар күш-жігерімді аянбай жұмсадым -
Қазақстан мен әлемдегі эпидемиологиялық жағдай: «Омикрон» штамы әлемнің 20 мемлекетінен табылды -
Қазақстан сыртқы саясатының 30 жылдық белестері -
Асқар Мамин: Қазақстан өз даму жолында сапалы серпіліс жасады -
ДСМ: Қазақстанда коронавирус жұқтыру 2,4 есеге азайды -
Қазақстанда ревакцинациялау науқаны басталды -
Қазақстанның сыртқы саясаты: Экономикалық дипломатия, геосаяси жағдай, экспорт және инвестиция -
АШМ: Қазақстанда дәнді және дәнді-бұршақты дақылдарды жинау аяқталды -
Елордада Al-Farabi Knowledge Centre атты білім орталығы ашылды -
Қазақстанда Pfizer вакцинасымен кімдер егіледі, қайда және қалай жүзеге асады -
Қазақстанға Pfizer вакцинасының алғашқы партиясы жеткізілді -
Жылыту маусымы: Өрт қауіпсіздігі қалай қамтамасыз етіледі -
Сарапшылар: «Қазақстан студенттер альянсы» дайындаған рейтингтер сапасыз» -
COVID-19: Министр Қазақстандағы эпидемиологиялық жағдайға жаңа болжам айтты