- Басты
- Жаңалықтар
- ШҚО «Қазақстан халқы Ассамблеясы жылының бастауы» синхрон-акциясына қосылды (ФОТО)
ШҚО «Қазақстан халқы Ассамблеясы жылының бастауы» синхрон-акциясына қосылды (ФОТО)
2015 жыл ҚР Президенті Жарлығымен Ассамблея жылы болып бекітілген. Осыған орай, Қазақстанның барлық облыстарында бір уақытта «ҚХА жылы» синхрон акциясы өткізілді. Ашық аспан астында Өскемен қаласының сол жағалауындағы Комсомол аралында аталмыш акция 7 мың шығысқазақстандықтың басын қосты.
Саланатты жиында ҚХА жылының туын көтеру құрметі Олимпияда чемпионы Ольга Рыпакова мен ардагерлерге, этномәдени бірлестіктер өкілдеріне берілді.
ҚР Президенті Н. Назарбаевтың құттықтауын жеткізген Даниал Ахметов Ассамблеяның маңыздылығына мән берді. «Биыл еліміз бойынша 5 ірі мерейтойдың атап өтілуі жоспарлануда. Бүгін Қазақстан халқы Ассамблеясы жылы басталды. Ассамблея этностарды бір шаңыраққа біріктіреді. Біздің ендігі ортақ мүддеміз – көпұлтты еліміздегі осы бірлікті, ынтымақты, достықты сақтау», – деді облыс әкімі.
Салтанатты жиын мерекелік концертке ұласты. Бұдан кейін шаңғы жарысы ұйымдастырылды. Акцияның қатысушыларына «Достық дастарханы» жайылып, жастар «Біз достықпен күштіміз» деген атаумен флеш-моб өткізді.
-
Сарапшы: «Қазақстан ұлт болып ұйысудың өзіндік моделін қалыптастырды» -
Н.Назарбаев: Туған халқымның сенімін ақтау үшін бар күш-жігерімді аянбай жұмсадым -
Сарапшылар: «Қазақстан студенттер альянсы» дайындаған рейтингтер сапасыз» -
«Қазақстанның киберқалқаны»: ақпараттық қауіпсіздіктің маңызы -
«Қазақстан мұғалімі»: Өтінім мерзімі, жүлде қоры, талаптары мен шарттары -
Президент тапсырмасы: Елімізде «Е-өтініш» ақпараттық жүйесі іске қосылды -
30 жыл: ШҚО-да минералды су өндіретін зауыт іске қосылады -
Әлеуметтік қызметтер порталын қолдау бойынша байланыс орталығы іске қосылды -
Қазақстанда қысқа мерзімді онлайн курстардың бірыңғай порталы іске қосылды -
Қ.Көшербаев: Қаныш Сәтбаев халқына қызмет етуді бір сәтке болсын тоқтатқан емес -
Тоқаев: Ұлы Отан соғысы жауынгерлерінің ғажайып ерлігі халқымыздың жадында мәңгі сақталады -
«Қазақстандағы климаттың өзгеруі» байқауы: Шарттары мен талаптары -
Абай жылының айшықты тұстары -
Алматы мен Нұр-Сұлтанда дайын құжаттарды үйге жеткізу қызметі іске қосылды -
Назарбаев халықаралық әуежайында Ashyq жобасы іске қосылды