- Басты
- Жаңалықтар
- Абайдың отанында ақынның 170 жылдығы кең ауқымда тойланады
Абайдың отанында ақынның 170 жылдығы кең ауқымда тойланады
Ұлы Абайдың 170 жылдығын шығыс жұртшылығы облыс көлемінде кең ауқымда атап өтуді жоспарлап отыр. Тарқата айтқанда, негізгі іс-шаралар Хакімнің туған жері Жидебайда ұйымдастырылып, облыстың барлық мәдени мекемелері мен білім ордаларында Ұлы ақынды ұлықтау шаралары өткізіледі. Ақынның мерейтойын атап өтуге аймақтың бизнес және коммерциялық емес ұйымдары, қоғамдық бірлестіктер, көрнекті өнер және мәдениет қайраткерлері, облыс тұрғындары жұмылдырылмақ.
Мерейтой қарсаңында Абай ауданындағы Жидебай ауылы, «Абай-Шәкәрім» мемориалдық кешені, Абайдың Жидебайдағы мұражай-үйі туристердің көптеп келетін орынына айналатындықтан, ШҚО әкімдігі туристерге қолайлы жағдай жасап, өңірлік туризмді дамытуға ден қойып отыр. Абай ауданына жұмыс сапары барысында облыс әкімі Даниал Ахметов мұражай-үйінің жанындағы құрылысы аяқталмаған нысанды жыл бойы жұмыс істейтін қысқы типтегі қонақ үй түрінде салу үшін мемлекет тарапынан қаржы бөлінетінін мәлімдеген болатын. Сондай-ақ, ағымдағы жылы жазда Абайдың өмірі мен шығармашылығымен байланысты тарихи орындарды аралайтын «Абаймен өткен күндер» туристік бағдары жұмыс жүргізбек.
Сонымен қатар, Ұлы ақынның мерейтойына орай, өңірде көрнекті меценат Медғат Құлжановтың қолдауымен атақты ағылшын композиторы Карл Дженкинс жазған «Абай-Шәкәрім» ораториясымен ШҚО әкімінің симфониялық оркестрі әртістері, аралас хор мен фольклорлық тобының концерті, Бүкіләлемдік поэзия күні (21 наурыз) «Абай поэзиясы» әлем тілдерінде» фестивалі, Жидебайда республикалық ақындар айтысы, Қара сөздер бойынша моноспектакльдер, Абай шығармалары бойынша концерттік бағдарламалар өткізіледі. Өскемен мен Семей қалаларында «Біздің Абай» электрондық кітапханасының тұсауы кесіледі. Аталмыш сайтқа «Абай оқыған кітаптар» сирек қорының виртуалды көрмесінің кітаптары енеді
-
Ұлттық кеңес: Медицина кадрының жетіспеушілігі, ана мен баланың қауіпсіздігі және білім саласындағы мәселелер -
30 қазақстандық компания «Жасыл кеңсе» конкурсының жеңімпазы атанды -
Ж.Жабаевтың 175 жылдығы аясында жарық көрген 10 томдық жинақтың тұсауы кесілді -
Қоғамдық кеңестердің қызметі, заңға енгізілген өзгерістер мен Kazkenes.kz порталының жұмысы -
ЭЕБ-те ХЖҚО қызметтерін қашықтан көрсету мүмкіндіктері кеңейтілді -
Үйде арнаулы әлеуметтік қызмет ала алатын қазақстандықтардың тізбесі кеңейтілді -
Семей ядролық сынақ полигоны жабылуының 30 жылдығына орай АҚШ Мемлекеттік департаменті мәлімдеме жариялады -
Тамыз кеңесі:Білім беруді дамытудың өзекті мәселелері талқыланды -
Ұлттық компанияларда қоғамдық кеңестер құрылды -
Педагогтік әдеп жөніндегі кеңес: Ұстаз мәселесін шешудегі рөлі қандай -
Тәуелсіздікке 30 жыл: Мерейтой қалай тойланады -
«Рухани жаңғыру» өңірлік жобалық кеңселері қандай шаралар өткізіп жүр -
Ахмет Жұбановтың 115 жылдығына арналған концерт онлайн өтті -
Мәскеуде Қазақстан мен Ресей әріптестігінің 30 жылдығына орай конференция өтті -
Тоқаев: Қоғамды жемқорлықпен күресуге кеңінен тарту қажет