• Басты
  • Жаңалықтар
  • ҚТЖ Астана кәсіпорындарынан 49 млрд теңгенің тауары мен қызметін сатып алуды жоспарлауда

ҚТЖ Астана кәсіпорындарынан 49 млрд теңгенің тауары мен қызметін сатып алуды жоспарлауда

6 Ақпан, 2015 13:06
«ҚТЖ» ҰК» АҚ мен Астана қаласының әкімдігі ытымқтастық туралы меморандумға қол қойды.

Ынтымақтастық туралы меморандумда осы жылы ҚР Үкіметінде бекітілген  «Өндірістік кәсіпорындарға қолдау көрсету туралы 2015 жылғы жоспарды» жүзеге асыру бойынша басым бағыттар көрсетілген.

«ҚТЖ» ҰК» Ақ хабарлағандай, бұл қазақстандық қамтудың тиімді дамуына, Астана тауар өндірушілері өнімдерінің сапасын жақсартуға бағытталған. Компания 2015 жылы 49 млрд теңге тұратын Астана кәсіпорындарының тауары мен қызметін сатып алуды жоспарлап отыр.

Елорда нысандарының құрылысы мен қайта жаңғыртуы жүзеге асқан соң Астана қаласының тауарларын 15 млрд теңгеге сатып алу жоспарланған. 

Айта кетейік, компания өндірістік өнімдерді қолдау ретінде 2015 жылы 133 млрд теңге бөлуге ниетті.


 

Барлық жаңалықтар