• Басты
  • Павлодарда Ұлы Отан соғысы ардагерлеріне «дабыл түймешелері» табысталады
7 Ақпан, 2015 12:49

Павлодарда Ұлы Отан соғысы ардагерлеріне «дабыл түймешелері» табысталады

Павлодар облысында «Жеңіс» әлеуметтік жобасы бастау алды. Науқан аясында өңірдің Ұлы Отан соғысы ардагерлеріне төтенше жағдай болғанда дабыл қағуға немесе медициналық көмек қажет болған жағдайда «дабыл түймешелерімен» жабдықталған ұялы телефондар табысталмақ.
Павлодарда Ұлы Отан соғысы ардагерлеріне «дабыл түймешелері» табысталады

Павлодар облыстық ардагерлер кеңесінің төрағасы Рымтай Шөкеевтің айтуынша, «дабыл түймешелерімен» жабдықталған ұялы телефондар аймақтағыҰлы Жеңісті жақындатқан 262 ардагерлерге сыйға тартылады, деп хабарлады облыс әкімдігі.

Бұл идея шетелдік тәжірибеден туындап отыр. АҚШ, Канада, Ұлыбритания, Ресейде «дабыл түймешелері» арқылы көмек көрсету қызметі іске қосылған. Ал еліміздің аумағында бұл жүйе алғаш рет енгізілуде. Құрылғы қарапайым ұялы телефон секілді.

Қазіргі таңда бұл қызметке Ақмола, Астана және Қарағанды облыстарының ардагерлері қол жеткізген. Сәуір айының соңына дейін құрылғылар еліміздің 5083 ҰОС қатысушыларына табысталады. Жүйе тәулік бойы жұмыс істейді, ардагерлер кез келген уақытта хабарласып, көмек алу мүмкіндігіне ие.

Естеріңізге сала кетсек, «Жеңіс» акциясына «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ, халықаралық «Еуразиялық медиа-форумы» және «Өмір жолы» қоғамдық қоры қолдау көрсеткен. Аталмыш науқан аясындағы шараларды жүзеге асыруға «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ 600 млн теңге жұмсамақ.

Барлық жаңалықтар