- Басты
- Жаңалықтар
- Алматыда Ұлы Жеңістің Батырлары Елбасы атынан алғыс хат алды (Фото)
Алматыда Ұлы Жеңістің Батырлары Елбасы атынан алғыс хат алды (Фото)
«Сіздерді, құрметті ардагерлер, келе жатқан Жеңіс мерекесімен құттықтауға рұқсат етіңіздер. Шын ниетпен Сіздерге бейбітшілік, денсаулық және қоғамда лайықты құрмет тілеймін. Ұлы Отан соғысының Батырларының Даңқы мәңгілік арта берсін! Бүгін Сіздер қазақстандық жас ұрпақ – Ұлы Жеңістің мұрагерлері үшін рухани бағдарсыздар», - деді Бас штаб бастығының орынбасары – ҚР ҚК БШ Тәрбие және идеологиялық жұмыстар жөніндегі департаментінің бастығы полковник Мұхамеджан Таласов.
Қорғаныс министрлігі хабарлағандай, ардагерлер, азаткер жауынгерлер ҚР ҚМ Орталық ансамблінің әртістері орындауындағы концерттік бағдарламаны тамашалады. Жеңістің 70-жылдық мерейтойына арнап ардагерлер үшін халық әндері, патриоттық әндер және көпшілік сүйіп тыңдайтын музыкалық шығармалар орындалды.
Мұхамеджан Таласов өз сөзінде, биылғы жылдың қоғамдық-саяси іс-шараларға толы екендігін атап өтті. «Салтанатты жағдайда Қазақстан халқы ассамблеясының 20-жылдық мерейтойы, еліміздің Конституциясы күні аталып өтіледі. Сонымен қатар, тарихи маңыздылығы зор Қазақ хандығының 550 жылдығын атап өтеміз. Алдайда, Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 70 жылдық мерейтойына ерекше көңіл бөлеміз. 2015 жыл – ТМД кеңістігінде ардагерлер жылы деп аталуы бекер емес. Өйткені бұл қасиетті сезім мен қуаныш одақтас республикалар халқы үшін тарихи естелік болып қала бермек»,- деді ол.
Естеріңізге сала кетсек, жаңа жыл қарсаңында Президентіміздің бастамасымен республика бойынша «Жеңіске – Құрмет!» атты патриоттық марафон акциясы өтті. Жеңіс жалауы салтанатты жағдайда еліміздің 7 өңірін аралап шықты, ҚР ҚК әскери қызметшілері Елбасымыз бен Қорғаныс министрі атынан ардагерлерді құттықтады.
-
Тұңғыш президент күні: Елбасының 10 басты шешімі -
ЖИТС және АИТВ: Ауруды алдын-алу мен емдеу шаралары -
Жастар арасындағы суицид: Алдын алу шаралары -
95 мыңға жуық адам жұмысынан айырылуына байланысты МӘСҚ-тан төлем алды -
Қазақстанда ревакцинациялау науқаны басталды -
Билік пен қоғам диалогы: X Азаматтық форум басталды -
АШМ: Қазақстанда дәнді және дәнді-бұршақты дақылдарды жинау аяқталды -
ЖОО-ларды қаржыландыру, академиялық адалдық саясаты және оқытушылар жалақысы -
ДСМ: 1500-ден астам бала мен жүкті әйел коронавирусқа қарсы вакцина алды -
Халық санағы аяқталды: Нәтижесі қашан жарияланады -
Италияда пандемияның төртінші толқыны басталды, ЕО Украинаны «жасыл тізімнен» шығарды -
Ревакцинация: Қандай екпені салдырған дұрыс -
Д.Абаев: Алтын Орда қалалары қайта қалпына келтіріліп, тарихи-материалдық кешен құрылады -
Өндірістік жарақаттанудың алдын алу шаралары -
Бақытжан Мәуленбердиев: Құтқарушы ең алдымен ержүрек әрі батыр болу керек