- Басты
- Жаңалықтар
- Н.Назарбаев Астананың инвестициялық тартымдылығын ұдайы арттыру қажеттілігін атап өтті
Н.Назарбаев Астананың инвестициялық тартымдылығын ұдайы арттыру қажеттілігін атап өтті
Ә.Жақсыбеков Мемлекет басшысына қаланың әлеуметтік-экономикалық дамуы, негізгі мемлекеттік бағдарламалардың жүзеге асырылу жайы, сондай-ақ Астананың алдағы қоғамдық-саяси және мәдени-бұқаралық іс-шараларға әзірлік барысы туралы баяндады.
Қазақстан Президенті елордада ауқымды жұмыс атқару қажет болатынын атап айтты.
«Биыл Қазақстан халқы Ассамблеясының 20 жылдығы атап өтіледі. Осыған байланысты Наурыз бен Қазақстан халқының бірлігі күнін халқымыздың тұтастығы мен көпэтносты қоғамдағы келісім тақырыбымен орайластырып мерекелеген жөн. Бұл жұмыстарды қазірден бастау керек. Тағы бір маңызды тұс – «ЭКСПО-2017» халықаралық көрме нысандарының құрылысы, бұған да ерте қамдану қажет», – деді Нұрсұлтан Назарбаев.
Мемлекет басшысы Астанаға айрықша маңыз берілген «Нұрлы жол» бағдарламасын жүзеге асыру мәселелеріне арнайы назар аударды. Атап айтқанда, осы бағдарлама аясында елорданың тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығын жаңғырту, инфрақұрылымын дамыту жұмыстары атқарылатын болады.
Қазақстан Президенті қаланың инвестициялық тартымдылығын ұдайы арттыру, шағын және орта бизнес субьектілерін ілкімді қолдау қажеттілігіне тоқталды.
Нұрсұлтан Назарбаев әлеуметтік саланы жақсартуға, адами капиталды дамытуға байланысты міндеттерді орындауды жалғастыруды тапсырды.
Сонымен қатар Мемлекет басшысы жылу беру маусымын кідіріссіз өткізудің, елорда тіршілігін сапалы қамтамасыз етуге барлық қалалық қызметтердің үйлесімді қатыстырылуының маңыздылығын атап өтті.
-
Қосшы қаласында «Алтын домбыра» айтысы өтті -
Инвестициялық саясат: ТШИ, саладағы негізгі трендтер мен өңірлердегі инвестиция тарту мәселесі -
ТДМ: Климаттың өзгеруі, экологиялық сауатталықты арттыру мен қоқыс тастау мәдениетін қалыптастыру мәселелері -
Елордада құтқарушылар күні атап өтілді -
Сенатор: Журналистердің мәртебесін заңды түрде арттыру қажет -
"Рухани жаңғыру": Елордада қазақ тіліне аударылған 100 оқулықтың таныстырылымы өтті -
Екібастұз қаласының дамуы: инвестициялық жобалар, тұрғын үй, денсаулық сақтау және білім беру жүйелері -
Карантин жағдайында Құрбан айт қалай атап өтіледі -
Елордада «Адамзатқа қызмет ететін ғарыштық технологиялар» тақырыбында дөңгелек үстел өтті -
Рухани жаңғыру: Павлодар облысында фестиваль өтті -
«Айбынды ардагерлер» акциясы өтті -
Елордада «Жеңіс салтанаты» концерт-спектаклі өтті
-
Ахмет Жұбановтың 115 жылдығына арналған концерт онлайн өтті -
Елордада Отан қорғаушылар күні мен Жеңіс күніне арналған кездесу өтті -
Мәскеуде Қазақстан мен Ресей әріптестігінің 30 жылдығына орай конференция өтті