БҚО-да 2015 жылы ИИДМБ аясында 5 жобаны пайдалануға беру көзделуде

6 Ақпан, 2015 11:05
Батыс Қазақстан облысында 2015 жылы ИИДМБ аясында жалпы құны 48 млрд теңге болатын және 481 жұмыс орнын ашуға мүмкіндік беретін 5 жобаны пайдалануға беру көзделуде.

Барлығы облыста Индустрияландыру картасы аясында жалпы құны 303,3 млрд теңге болатын және 2,1 мың жұмыс орнын ашуға мүмкіндік беретін 38 жоба жүзеге асырылуда.

Айта кетерлік жайт, БҚО-да ҮИИДМБ аясында өндіріс көлемі 2 есе артты және 2014 жылдың қорытындысы бойынша 1 триллион 833,9 млрд теңгені құрады. Ал, өндірістік өндірістің физикалық көлемінің  индексі 2014 жылы 103,9% құрады. Сонымен қатар, қайта өңдеу саласындағы өндіріс 1,9 есе артып, жылдың соңында  137,7 млрд теңгені құрады, деп хабарлады аймақтың ІСБ.

Айтарлықтай өсім мына салаларда байқалды: құрылыс инсдустриясы  29,7%-ға, металлургия өндрісі 18,5%-ға, машинақұрылысы 9%-ға, мұнайөнімдері 6,6%-ға артты. 

Барлық жаңалықтар