- Басты
- Жаңалықтар
- Түркияның алдыңғы қатарлы экономикалық газеті Қазақстанға арналған арнайы басылымды жарыққа шығарды
Түркияның алдыңғы қатарлы экономикалық газеті Қазақстанға арналған арнайы басылымды жарыққа шығарды
ҚР СІМ хабарлағандай, арнайы басылым Қазақстанның жетістіктері туралы ақпараттық-анықтамалық материалдар мен мақалаларды, сонымен қатар ҚР Президентінің Қазақстан халқына Жолдауының негізгі қағидаларын және «Астана-ЭКСПО-2017» туралы ақпараттарды қамтыған.
Газет басылымының алғашқы беттері Елшіліктің түрік тіліне аударған ҚР Президенті Н.Ә.Назарбаев Жолдауының негізгі қағидаларымен басталады.
Келесі тарауларда ҚР Сыртқы істер министрі Ерлан Ыдырысовтың, ТР Экономика министрі Нихат Зейбекшінің және ТР Индустрия, ғылым және технологиялар министрі Фикра Ышыктың қазақ-түрік қарым-қатынастардың жай-күйі туралы, сонымен қатар Қазақстанның Түркиядағы Елшісі Жансейіт Түймебаевтың, саясаттанушылардың, академиялық қайраткерлердің және тағы басқалардың мақалалары басылды. Олардың мәтінінде тәуелсіздік жылдардағы Қазақстанның жетістіктері, Қазақстанның даму бағдарламалары, Қазақ хандығының 550-жылдығын атап өтуге дайындық, «ЭКСПО-2017» көрмесін ұйымдастыруға әзірлігі және басқа да мәселелер жоғары бағалануда.
Газеттің редакторлары қазақ-түрік сауда-экономикалық ынтымақтастығына ерекше көңіл бөліп, Қазақстанда жұмыс істеп жатқан қазақ-түрік бірлескен компаниялар мен фирмалардың рөлін атап өтті.
Жалпы арнайы басылым түрік қоғамдастығының Қазақстанға және еліміздің жетістіктеріне қатысты қызығушылығын танытты.
Айта кетерлігі, «Dünya» газеті Түркияның ең танымал экономикалық газеті болып табылады. Газет Түркияның бүкіл аумағында, сонымен қатар Америка, Еуропа және Таяу Шығыс елдеріндегі дипломатиялық және басқа да өкілдіктерінде таратылады.
-
Түркістан облысы: Өңірдегі эпиджағдай, жұмыссыздық мәселесі мен әлеуметтік-экономикалық дамуы -
Қазақстанның сыртқы саясаты: Экономикалық дипломатия, геосаяси жағдай, экспорт және инвестиция -
Оқушыларға арналған президенттік олимпиада: Жеңімпаздар қандай сыйлыққа ие болады -
Қазақстанға Pfizer вакцинасының алғашқы партиясы жеткізілді -
Италияда пандемияның төртінші толқыны басталды, ЕО Украинаны «жасыл тізімнен» шығарды -
Отандық ғалымдар онкологиялық ауруларды диагностикалауға арналған ерітінді жасап шығарды -
Тұрақты экономикалық даму үшін қандай ұлттық жобалар жүзеге асады -
Отандық ғалымдар жаралар мен күйіктерді емдеуге арналған инновациялық құралдар әзірледі -
ЕАЭО отырысы: экономикалық ынтымақтастық, трансшекаралық логиcтиканы дамыту және азық-түлік қауіпсіздігі -
Қазақстанда журналистерге арналған бірегей сөздік таныстырылды -
IT-стартаптарды қаржыландыруға арналған "Seed money" бағдарламасының шарттары -
Тоқаев: Мақсатымыз - Орталық Азияны тұрақты, экономикалық жағынан дамыған өңірге айналдыру -
"Жусан" операциясы туралы деректі фильм жарыққа шықты -
Азаматтарға арналған үкімет: ЭЦҚ алуды жеңілдету, автокөлікті қайта тіркеу және цифрландыру -
Қарағанды облысының дамуы: экономикалық даму, агроөнеркәсіптік кешен мен «Балқаш-Бурылбайтал» автожолы