- Басты
- Жаңалықтар
- Қызылорданың перинаталдық орталығына шала туған сәбилерді күтуге арналған медициналық жабдық тапсырылды
Қызылорданың перинаталдық орталығына шала туған сәбилерді күтуге арналған медициналық жабдық тапсырылды
Құны 30 млн. теңге (30 млн. 076 мың 800 теңге) тұратын жабдық 2014 жылдың 23 тамызында өткен екiншi «Rixos Borovoe-2014» қайырымдылық велошеруi кезiнде жиналған қаржыға сатып алынды. Науқанның ұйымдастырушылары - «Rixos Borovoe» қонақ үйі және Болат Өтемұратовтың «Асыл Мирас» жеке қайырымдылық қоры.
Аукцион қорытындысы бойынша 79 415 000 теңгені құраған рекордтық сома жиналды. «Асыл Мирас» қоры жоғары сапалы медициналық көмекті көрсетуге арналған және шала туылған сәбилерді күтуге арналған қажетті жабдықтың толық жиынтығын сатып алу үшін жиналған қаржыны Ақмола облысы перинаталдық орталығы мен Қызылорда перинаталдық орталығы арасында бөлу туралы шешім қабылдады, деп хабарлады қор.
Бүгінде «Rixos Borovoe» және «Асыл Мирас» қайырымдылық қоры Қызылорда облысының перинаталдық орталығына арнап 30 млн. 076 мың 800 теңге сомасына келесі жабдықтарды сатып алды: жаңадан туылған сәбилерге арналған өкпедегі ауаны жасанды жолмен алмастыру аппараты – (3 дана), фототерапия шамдары – (4 дана), кереует жанындағы монитор – (2 дана) , Шприцтық сорғы – (5 дана) .
«Rixos Borovoe» қонақ үйі мен «Асыл Мирас» қайырымдылық қорының көмегінің арқасында жансақтау және жаңа туылған сәбилерге қарқынды ем көрсету бөлімдері жеткілікті мөлшерде заманауи құрылғылармен жабдықталып, енді онда облыстың 7 ауданына жататын барлық нәрестелер қажетті көмекті ала алады», - деді Қызылорда қаласының Облыстық перинаталдық орталығының бас дәрігері Ляйля Құлтаева.
Облыстық перинаталдық орталық аймақтандырылуы 3-деңгейге жататын босанатын әйелдерге жәрдем көрсететін мекеме болып табылады, мұнда облыстың 7 ауданынан ауыр жағдайлармен келіп түскен жүкті әйелдер, жаңа босанған әйелдер мен нәрестелер қаралады.
Сондықтан жиналған қаржыны еліміздің ең кішкентай азаматтарын күтуге арналған медициналық жабдықты сатып алуға жұмсалады деп іс-шараны жоспарлау және дайындау кезеңінде күнібұрын шешілген болатын.
-
Н.Назарбаев: Туған халқымның сенімін ақтау үшін бар күш-жігерімді аянбай жұмсадым -
ТЖМ: Газ баллондар мен газ жабдықтарын қалай пайдалану керек -
Оқушыларға арналған президенттік олимпиада: Жеңімпаздар қандай сыйлыққа ие болады -
Ерікті студенттер үшін ақшалай сыйақы: Қандай қызметтерге төленеді -
Отандық ғалымдар онкологиялық ауруларды диагностикалауға арналған ерітінді жасап шығарды -
«Денсаулық» бағдарламасы: медициналық білім беруді жаңғырту мәселелері -
Отандық ғалымдар жаралар мен күйіктерді емдеуге арналған инновациялық құралдар әзірледі -
Маңғыстау облысының дамуы: Өңірді сумен жабдықтау, газ, мұнай өндіру және экология мәселелері -
Сотталғандарға қандай медициналық көмек көрсетіледі -
Қазақстанда журналистерге арналған бірегей сөздік таныстырылды -
Алматыда мектептер мен балабақшалардың жаңа оқу жылына дайындық жұмыстары -
IT-стартаптарды қаржыландыруға арналған "Seed money" бағдарламасының шарттары -
Тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі және МӘМС жүйесі -
Азаматтарға арналған үкімет: ЭЦҚ алуды жеңілдету, автокөлікті қайта тіркеу және цифрландыру -
МӘМС: Пандемия кезінде ақысыз медициналық қызметті қалай алуға болады