• Басты
  • Жаңалықтар
  • Н.Нығматулин стратегиялық мақсаттарға жету саласында министрліктердің жұмысын қорытындылады

Н.Нығматулин стратегиялық мақсаттарға жету саласында министрліктердің жұмысын қорытындылады

5 Ақпан, 2015 16:10
Президент Әкімшілігінің Басшысы Н.Нығматулиннің төрағалығымен орталық атқарушы органдардың жауапты хатшылары қатысқан кеңес өтті, деп хабарлады Ақорданың баспасөз қызметі.

«Кеңесте министрліктердің стратегиялық мақсаттар мен міндеттерді орындау, персоналды және бюджет қаражаттарын басқару, мемлекеттік қызмет көрсету, сыбайлас жемқорлыққа қарсы әрекет ету және құқықтық қамтамасыз ету салаларындағы жұмысының өткен жылғы қорытындылары талқыланды», - делінген хабарламада.

Н.Нығматулин жиналысты қорытып, жауапты хатшылар жұмысындағы анықталған кемшіліктерді жою және Мемлекет басшысының актілері мен тапсырмаларын мүлтіксіз орындау жөнінде нақты тапсырмалар берді.

Президент Әкімшілігінің орталық атқарушы органдардың жауапты хатшыларының қызметін қадағалау жөніндегі жұмысы бұдан әрі жалғасатын болады. 

Барлық жаңалықтар