- Басты
- Жаңалықтар
- Қазақстандықтар «Нұр Отан» қоғамдық қабылдауына «Қазпочта» АҚ ауылдық бөлімшелері арқылы өтініш бере алады
Қазақстандықтар «Нұр Отан» қоғамдық қабылдауына «Қазпочта» АҚ ауылдық бөлімшелері арқылы өтініш бере алады
Бұл мүмкіндік «Нұр Отан» партиясының «Қазпочта» компаниясымен серіктестігі нәтижесінде іске асырылып отыр, соның барысында пошта байланыс бөлімшелерінде ғаламторға кіру мүмкіндігі бар 50 нүкте ашылады.
«Нұр Отан» партиясы хабарлағандай, Skype арқылы бейне байланыспен шалғайдағы елді-мекен тұрғындары партияның қоғамдық қабылдауына, «Нұр Отан» фракциясының мүшелері-депутаттар: мәжіліс пен мәслихаттағы, орталық және жергілікті мемлекеттік органдар басшыларына өтініш бере алады. Бұл азаматтарды қамтуды ұлғайтуға, өзекті мәселелерді қараудың санын арттыруға, мемлекеттік органдардың қызметі, парламеттік фракция жұмысы және мемлекет қабылдаған антикризистік шаралар туралы ақпарат беруге мүмкіндік береді.
«Біз Қазпочтаның ауылдағы, еліміздің шалғай елді-мекендеріндегі жұмысының маңыздылығын түсіне отырып, ауыл тұрғынының экономикалық белсенділігін арттыруға бағытталған бірнеше жобаларды жүзеге асыруды жоспарлап отырмыз. Осы жобаның енгізілуімен ауылдағы ғаламторға кіруге мүмкіншілігі жоқ тұтынушыларымыз Қазпочта бөлімшесінен «Нұр Отан» партиясының өкілдеріне бейне-қоңырау шалу арқылы өз сұрақтарын жолдай немесе қала\облыс әкімінің ресми порталына өтініштерін қалдыра алады. Бұл қызметті ғаламторға кіруге тәжірибесі жоқ адамдар да пайдалана алады, өйткені оларға біздің компанияның арнайы дайындалған қызметкері көмектесетін болады», - деп, атап өтті өз сөзінде «Қазпочта» АҚ Басқарма Төрағасы Бағдат Мусин.
Қазіргі уақытта республикамызда партияның ақысыз заңгерлік кеңес қана емес, сонымен қатар нақты мәселелер бойынша көмек беретін 241 қоғамдық қабылдауы жұмыс жасауда. Өз кезегінде «Қазпочта» АҚ-ның ауылдық бөлімшелеріндегі ғаламторға кіру мүмкіндігі бар 50 нүктеніңашылуы азаматтар жүгінісінің жедел қаралуына ықпал етеді және мемлекеттік органдар мен депутаттардың тұрғындармен өзара қарым-қатынасын арттыра түседі.
-
Сарапшы: «Қазақстан ұлт болып ұйысудың өзіндік моделін қалыптастырды» -
Н.Назарбаев: Туған халқымның сенімін ақтау үшін бар күш-жігерімді аянбай жұмсадым -
Қазақстан мен әлемдегі эпидемиологиялық жағдай: «Омикрон» штамы әлемнің 20 мемлекетінен табылды -
Қазақстан сыртқы саясатының 30 жылдық белестері -
ДСМ: Omicron штамының таралуын болдырмау мақсатында қандай шектеулер енгізіледі -
«Аңсаған сәби» бағдарламасына кімдер қатыса алады және іріктеу қалай жүреді -
Қазақ тілінде дыбысталған тағы бір фильм көрерменге жол тартты -
Асқар Мамин: Қазақстан өз даму жолында сапалы серпіліс жасады -
«Жаңа гуманитарлық білім. Қазақ тіліндегі 100 жаңа оқулық» жобасының жүзеге асуы -
ДСМ: Қазақстанда коронавирус жұқтыру 2,4 есеге азайды -
Президент тапсырмасы: Жаңа жылдан бастап кімдердің жалақысы өседі -
Қазақстанда ревакцинациялау науқаны басталды -
Қазақстанның сыртқы саясаты: Экономикалық дипломатия, геосаяси жағдай, экспорт және инвестиция -
АШМ: Қазақстанда дәнді және дәнді-бұршақты дақылдарды жинау аяқталды -
ЖОО-ларды қаржыландыру, академиялық адалдық саясаты және оқытушылар жалақысы