• Басты
  • Жаңалықтар
  • Ақмола облысының өндірісі көктемгі-егіс жұмыстарына 2 млн литр гербицид өндірді (Фото)

Ақмола облысының өндірісі көктемгі-егіс жұмыстарына 2 млн литр гербицид өндірді (Фото)

5 Ақпан, 2015 17:53
Степногорск қаласындағы жоғары сапалы техникалық химия препаратын өндіретін «Astana-Nan Chemicals» ЖШС көктемгі-егіс жұмыстарына 2 млн литр гербицид өндірді. Бұл туралы Ақмола облысының әкімі Сергей Кулагин кәсіпорындарды аралау барысында мәлім болды.

Ақмола облысының әкімдігі хабарлағандай, дайын өнім республика аймағында таратылады. Отандық кәсіпорын жылына 15 млн литр гербицид өндіреді, ол еуропалық сапаға ие.

Компания жетекшісі  Мұрат Сәрсенбаев атап өткендей, ақмолалық аграрилер отандық гербицидтердің сапасына кепілдік беріп отыр. «Бұл жерде  сұйық түрдегі өсімдіктің қорғалуына бағытталған химимялық өндіріс бойынша  5 технологиялық бағыт бар. Кәсіпорын фунгицид, инсектицид, гербицид өндірісін жүзеге асырады», - деді ол.

Оның айтуынша, қазіргі таңда монтаждың аяқталуы мен су өткізу грануласының  құрылысы бағытын қалыпқа келтіру кезеңінде құрылыс жүруде. 

Барлық жаңалықтар