ҚР ІІМ «SТOP трафик» атты жедел алдын алу іс-шарасын өткізді

3 Қазан, 2013 10:47
23 - 27 қыркүйек аралығында «SТOP трафик» жедел-алдын алу іс-шарасы өткізілді,деп Ішкі істер министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.

« 23 - 27 қыркүйек аралығында «SТOP трафик» жедел-алдын алу іс-шарасы өткізілді, оның шеңберінде адам саудасына байланысты қылмыстарды ескерту, жолын кесу, анықтау және ашу бойынша шаралар қабылданды», - деп хабарламада жазылған.

Операцияны өткізу барысында ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес бөліністерінің қызметкерлері 47 қылмыс анықтады: 36 жеңгетайлық және притон ұстағаны үшін, 4 - адам саудасы,   3 – кәмелетке толмағанды жезөкшелікпен айналысуға тарту, 2 – жезөкшелікке тарту, 1 – кәмелетке толмағанды саудалау және 1 пайдалану мақсатында бас бостандығынан заңсыз айыру. ЖАІШ кезеңінде 27 қылмыстық іс қозғалды.

Барлық жаңалықтар