- Басты
- Жаңалықтар
- Ұлы Отан соғысының 70 жылдығына орай «Біз - патриотпыз!» акциясы Қазақстанның 25 қаласында өтеді
Ұлы Отан соғысының 70 жылдығына орай «Біз - патриотпыз!» акциясы Қазақстанның 25 қаласында өтеді
- Ұлы Отан соғысы басталған кезде Қазақстанның аумағында 25 Қызыл Әскер құрамы жасақталды. Олар ішінде Ақмола облысында - 4 дивизия Мәскеу, Ленинград пен Сталининград қаласы үшін шайқасқа қатысты. Айта кетерлік жайт, олардың ішінде 29-шы атқыштар дивизиясы құрметті Гвардияшылар атағын алды.
Бұл игі іске 2012 жылы Сталинград шайқасының 70 жылдығын атап өту рәсімі негіз болды. «Астана - Волгоград - Астана» әскери-патриоттық акциясына жауынгер-интернационалистер қатысты, олар жан алып жан беріскен шайқаста мерт болғандардың қалдықтарын жер қойнауына тапсырды.Біз өзімізбен бірге Астана жерінің топырағын капсулаға салып әкеліп «Мамаев қорғаны» мемориалды музейіне бердік. Жауап ретінде олар бізге қазақстандық жауынгерлердің қаны сіңген жердің топырағын капсулаға салып берді. 72-ші дивизияның тарихын білгендіктен біз жергілікті билік пен музей қызметкерлеріне олардың жауынгерлік туының көшірмесін жасауға көтмектесуді сұрадық. Ресейліктер бетімізді қайтармады, өтінішімізді орындап қол ұшын созды. Сондай-ақ, 2012 жылдың 13 қарашасында «Сталининград шайқасы» панорама музейінде 72 гвардияның Жауынгерлік туының көшірмесі салтанатты түрде табысталды.
- Сіз Жауынгерлік тудың көшірмесін жасауға мұрындық болғандардың бірісіз, айтыңызшы ол нені білдіреді?
- Біздің көшірмемізді дайындау үшін жеке шешім қабылданып, арнайы құжат жасақталды. Сондықтан да біздің көшірме ол тұп нұсқамен көлемі жағынан, материалы мен алтын түсті жіптермен тігілген әріптеріне дейін ұқсайды. Оны жасау үшін 4 ай уақыт кетті, бұл үлкен еңбекқорлықты қажет ететін жұмыс.
Айта кетерлік жайт, ресейлік заңдар бойынша Жауынгерлік ту берілмейді және оның көшірмесі бірігей жағдайларда ғана жасалады. Астана егеменді Қазақстан мемлекетінің елордасы болғандықтан және аталмыш диизия Ақмола облысында жасалғандықтан жоғары деңгейде шешім қабылданып, бізге оның көшірмесі арнайы жасалды.
Жауынгерлік ту елорданың Қорғаныс істері бойынша департаментіне тапсырылды. Сол уақыттан бері ол Астанадағы салтанатты әскери-патриоттық шараларға шығарылып келеді.
Ал, «Біз - патриоттармыз!» акциясына келетін болсақ, ол Астана қаласында 3 ақпанда өз бастауны алды. Елордадан ол Қарағанды қаласына бет алды. Туды салтанатты тапсыру рәсіміне ардагерлер, жастар, «Нұр Отан» партиясының өкілдері қатысты.
- Жастардық патриоттық тәрбиесі бойынша болашаққа жоспарларыңызбен бөліссеңіз.
- Біз фашизимді ауыздықтаған аталарымыздың мысалында жастардың патриоттық тәрбиесін белсенді жалғастырамыз. Жаңа жыл қарсаңында ардагерлерді құттықтаған Елбасы бізге үлгі берді. Демек бір атаулы күнді күтудің қажеті жоқ, Жалпы, ардагерлермен кездесу сияқты көптеген шараларды өткізу жоспарланған және онда біз Тәуелсіз Қазақстанның бүгінгі жетістігі туралы жан-жақты мәлімет береміз.
Индира Кауметова
-
Қосшы қаласында «Алтын домбыра» айтысы өтті -
Қазақстанның сыртқы саясаты: Экономикалық дипломатия, геосаяси жағдай, экспорт және инвестиция -
Отандық ғалымдар онкологиялық ауруларды диагностикалауға арналған ерітінді жасап шығарды -
Отандық ғалымдар медицина саласында сұранысқа ие инновациялық өнім әзірледі -
«Болашақ бүгіннің өзінде»: Қазақстанда Нобель фестивалі өтеді -
«Қазақстанның киберқалқаны»: ақпараттық қауіпсіздіктің маңызы -
«Мұқағали» фильмінің халықаралық премьерасы Таллинде өтеді -
Отандық ғалымдар жаралар мен күйіктерді емдеуге арналған инновациялық құралдар әзірледі -
«Ақын» фильмінің әлемдік тұсаукесері Токиода өтеді -
Отандық өнеркәсіп салаларының дамуы және мемлекеттік қолдау шаралары -
COVID-19: Сингапурде антиковидтік шаралар күшейтілді, ал Ұлыбританияда коронавирустық жағдайлар 15%-ға артқан -
«Astana Media Week»: Отандық БАҚ-тың дамуы, стратегиясы және фейк ақпаратпен күрес шаралары -
Отандық құрылыс материалдары қанша пайызға қымбаттады -
Семей ядролық сынақ полигоны жабылуының 30 жылдығына орай АҚШ Мемлекеттік департаменті мәлімдеме жариялады -
Қазақстанның геология саласын дамыту шаралары