- Басты
- Жаңалықтар
- Қызылордада тәулігіне 150 мың тонна күріш өңдейтін зауыт ашылады
Қызылордада тәулігіне 150 мың тонна күріш өңдейтін зауыт ашылады
Министр алдымен Қазалы ауданындағы «Рза» АҚ-на қарасты тауарлы сүт бағытындағы ірі қара өсіру кешенінің жұмысымен танысты. Зауытқа Венгриядан асыл тұқымды 660 бас мүйізді ірі қара алынып, сүт өнімдерін өңдеуде. Қазір зауытта ауысымына 30 тонна сүт өнімдері шығарылуда. Алдағы уақытта кешендегі асыл тұқымды ірі қара малын 1200 басқа жеткізу жоспарлануда.
Мұнан соң ведомство басшысы Арал балық өңдеу зауытында болды. 2009 жылы іске қосылған кешеннің қуаттылығы жылына 6 мың тонна. Бірақ зауыт толық қуаттылығында жұмыс істеп тұрған жоқ. Басты себеп, зауыттың теңізден балық аулау үшін өткізілетін тендерге қатыса алмауында. Яғни, өңдеуге қажетті шикізат жоқ. Бұл зауыттың өнімі Ресей, Әзірбайжан, Грузияға экспортталып отыр.
«Балықтың 20-ға жуық түрін өңдеуміз. Соның ішінде судақ, көксерке, бекіре секілді су маржандарына сұраныс жоғары. Шикізатқа тәуелді болмау үшін балық өсіретін питомник салуды жоспарлап отырмыз. Бастысы, мәселелерді шешуге министр ықпал ететінін айтты», - деді Арал балық өңдеу зауытының директоры Талғат Жұқашев.
Осы күні Ауыл шаруашылық министрі Жалағаш элеваторының жұмысын көрді. Өткен жылы мұнда 16,2 мың тонна күріш өңделді. Қазір тағы қосымша тәулігіне 150 мың тонна күріш өңдейтін зауыттың құрылысы жүріп жатыр.
«Күріш Сыр өңірінің негізгі дақылы. Бұл сала қолдаудан кенде қалып жатқан жоқ. Жалағаш элеватордың жұмысы ұтымды ұйымдастырылған. Шаруашылықтардың күріші егін науқаны басталмай жатып сатып алады. Шаруашылықтар күзде өнімін қайда өткіземіз деп алаңдамайды, - деді ҚР Ауыл шаруашылық министрі А.Мамытбеков.
Кездесу соңында Ауыл шаруашылығы министрлігі мен Қызылорда облысы әкімдігі арасында ауылшаруашылығын диверсификациялау туралы және «ҚазАгроҚаржы» АҚ мен облыс әкімдігі арасында ауыл шаруашылығы өнеркәсібін дамыту туралы меморандумдарға қол қойылды.
-
95 мыңға жуық адам жұмысынан айырылуына байланысты МӘСҚ-тан төлем алды -
Жол картасы аясында 8 мыңнан астам жұмыс орны құрылды -
ДСМ: 1500-ден астам бала мен жүкті әйел коронавирусқа қарсы вакцина алды -
Мүгедектігі бар адамдар Әлеуметтік қызметтер порталы арқылы 300 мыңнан астам қызмет алды -
82 мыңнан астам адам жұмысынан айырылуына байланысты МӘСҚ-тан төлем алды -
COVID-19: Бразилияда тәулігіне 10 мың-ға жуық адам вирус жұқтырған, Украина жаңа карантин ережелерін енгізді -
«Еңбек» мемлекеттік бағдарламасына 451 мыңнан астам адам қатысты -
2021 жылдың басынан бері 12,5 мың этникалық қазақ қандас мәртебесін алды -
І жартыжылдықта әлеуметтік төлемдер бойынша 390 мыңға жуық қызмет көрсетілді -
Тамыз айында 854 мыңнан астам адамға АӘК берілді -
Жол картасы аясында 5,5 мыңға жуық жұмыс орны ашылды -
Биыл «Еңбек» мемлекеттік бағдарламасына 397 мыңнан астам адам қатысты -
Алматыда тәулігіне 1500- ден астам адам коронавирус жұқтыруда -
15,7 мыңнан астам шетелдік азамат Қазақстанда еңбек етіп жүр -
Еңбек инспекторлары 13,2 мыңнан астам жұмыскердің құқығын қорғады