• Басты
  • Жаңалықтар
  • Қазақстанда жылына 200 адам жүрек трансплантациясына отаны қажет етеді – Пя

Қазақстанда жылына 200 адам жүрек трансплантациясына отаны қажет етеді – Пя

5 Ақпан, 2015 13:18
Қазақстанда жылына 200 адам жүрек трансплантанциясына отаны қажет етеді. Бұл туралы бүгiн ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте «Ұлттық ғылыми кардиохирургия орталығы» АҚ басқарма төрағасы Юрий Пя мәлiм еттi.

«Жалпы, оның айтуынша, елiмiзде жылына 150-200 адам жүрек трансплантациясы операциясын қажет етедi», - дейдi Ю.Пя

Халықаралық ақпаратқа сәйкес, дамыған елдерде 1 млн адамға шаққанда 10 ота жасалады.

«Қазақстанда трансплантология бағыты кезеңдеп дамуда. Бұл проблема тек медициналық қана емес, әлеуметтік мәселе болып есептеледі. Біз санамызда донор болуға дайын болуымыз қажет. Бұл бағыт өзге елдермен салыстырғанда бізде артта қалып келеді. Бірақ, жақын жылдары біз орташа халықаралық стандартқа жетеміз деген ойдамын», - деді ол.

«Өте қымбат операциялар бар, мысалы, жасанды жүрек имплантациясы, жүрек трансплантациясы. Бұл шығындарды бүгiнде мемлекет өтеп отыр. Орташа алғанда, бiр операцияға мемлекет 20 мың доллар жұмсайды», - дейдi Ю.Пя.

«Бiздiң орталықта қазiр жүрек трансплантациясына 100 адам кезекте тұр. Бiрақ, бiзде бұл операцияға балама бар, жасанды жүрек имплантациясын жасаймыз. Бұл операцияларды бүгiнде сәттi жүргiземiз», - деді ол.

Айта кетерлігі, өткен жылдың қараша айында «Ұлттық ғылыми кардиологиялық орталық» халықаралық комиссиядан  медициналық ұйымдар үшін «алтын стандарт» болып есептелетіні жайлы ресми  құжат қабылдаған болатын.

Камила Амирова 

 

Барлық жаңалықтар