- Басты
- Жаңалықтар
- ТЖК қызметкерлері 1780 адамды қар құрсауынан құтқарды
ТЖК қызметкерлері 1780 адамды қар құрсауынан құтқарды
2014-2015 жылдардағы қыс мезгілінің өткен кезеңінде қардың көп жаууы, температураның төмендеуі, бұрқасындар мен боран жағдайлары болды, деп хабарлады ведомство.
ҚР ІІМ ТЖ комитеті орталық және жергілікті атқарушы органдармен бірге қыс мезгіліндегі төтенше жағдайлар кезінде адамдардың зардап шегуіне жол бермеу бойынша шаралар қабылдау мақсатында тұрақты түрде ескерту сипатындағы іс-шаралар өткізеді, олар оқу-жаттығу, дауылды алдын ала ескерту және қыс мезгіліндегі жүріс-тұрыс қағидалары мен шараларды ұйымдар мен халықтың назарына жеткізу, автомобиль жолдарын уақытында жабу.
2014 жылдың қараша айында Ішкі істер министрінің орынбасары В. Божконың басшылығымен «Қыс кезеңінде мемлекеттік азаматтық қорғаныс жүйесінің және басқару органдарының төтенше жағдайларды жою кезіндегі іс-әрекеттерінің дайындығы» тақырыбында «Қыс-2014» республикалық командалық-штабтық оқу-жаттығу өтті. Оқу-жаттығуда барлық мемлекеттік органдардың өзара іс-әрекеттері пысықталды.
Қыс мезгілінің басынан бастап «Қазгидромет» республикалық мемлекеттік кәсіпорыны 50 рет ауа райының күрт нашарлауы туралы дауылды алдын ала ескерту берді.
Комитеттің аумақтық бөлімшелері еліміздің автожолдарында ауа райы нашарлаған уақытта халыққа СМС-хабарлама тарату, радио, телеарна, сондай-ақ интернет-ресурс арқылы хабарлайды.
2014-2015 жылдардағы қыс мезгілінде құтқарушылар 1780 адамды қар құрсауынан құтқарып, 479 бірлік автомобиль техникасын эвакуациялады. Аса көп құтқарылғандардың саны Алматы облысында (37 оқиға – 857 адам мен 377 бірлік техника), Шығыс Қазақстанда (21 оқиға – 503 адам мен 184 бірлік техника) және Қарағанды облысында (16 оқиға – 174 адам мен 20 бірлік техника).
Барлық құтқару қызметтерінің уақытылы, шұғыл ден қоюы мен әрекет етуінің арқасында автожолдарда күрт төмен температура жағдайында қар құрсауында қалғандардың ішінде қаза болғандар жоқ.
Қабылданып жатқан шараларға қарамастан азаматтар өз өмірлерін, туған-туысқандарының өмірлерін қатерге тігіп айналып өтетін жолдарды тауып, қиын жағдайларға тап болады.
Құтқарушылар үшін қар борандарында автокөліктер көп жиналу салдарынан болған кептелісте көмек көрсету жағынан қиындықтар туындайды.
Сонымен қатар, бүгінгі күні автожолдардың аса авариялық-қауіпті учаскелерінде 40 күрежол медициналық-құтқару пункті жүмыс істейді, олар медициналық жабдықтармен, су сақтауға арналған ыдыспен және жанар-жағармай материалдарымен жарақталған.
Аталмыш күрежол медициналық-құтқару пункттері Қазақстан Республикасы Президентінің «Саламатты Қазақстан» бағдарламасы бойынша тапсырмасын орындау аясында салынды.
-
Асқар Мамин: Қазақстан өз даму жолында сапалы серпіліс жасады -
Astana Hub: IT-стартаптарды дамыту, оқыту және қаржыландыру -
ЖОО-ларды қаржыландыру, академиялық адалдық саясаты және оқытушылар жалақысы -
ДСМ: 1500-ден астам бала мен жүкті әйел коронавирусқа қарсы вакцина алды -
30 жыл: Жаһандық бастамалардың халықаралық қауіпсіздікке қосқан үлесі -
Кәсіпкерлік қызметті реттеу: Бизнеске жүктеме азайтылып, әкімшілік шығындар қысқартылады -
Заңгер-студенттер халықаралық байқауда сот отырысын жеңді -
Коронавирусқа қарсы вакцина алғандар саны 8 млн-нан асты -
«Жусан» операциясы, терроризмді қаржыландыруға қарсы күрес шаралары және күзет қызметіне қойылатын талаптар -
«Мұқағали» фильмінің халықаралық премьерасы Таллинде өтеді -
Тоқаев: Өңірлердегі ішкі саясат басқармасының жұмысын жандандыру қажет -
Бақытжан Мәуленбердиев: Құтқарушы ең алдымен ержүрек әрі батыр болу керек -
Елордада құтқарушылар күні атап өтілді -
Еңбек нарығында қай сала қызметкерлеріне сұраныс бар -
Қарттар күні: Зейнеткерлерді әлеуметтік қолдау шаралары