• Басты
  • Жаңалықтар
  • Сенат бірінші оқылымда зияткерлік меншікті реттеу мәселелері бойынша түзетулерді мақұлдады

Сенат бірінші оқылымда зияткерлік меншікті реттеу мәселелері бойынша түзетулерді мақұлдады

5 Ақпан, 2015 11:43
Қазақстан Парламенті жалпы отырыстың бірінші оқылымында «Зияткерлік меншік саласын құқықтық реттеу мәселелері бойынша ҚР кейбір заңнамалық актілеріне өзгертулер мен толықтырулар енгізу туралы» заңж обасын мақұлдады.

«Заң жобасы зияткерлік меншік саласындағы заң жобасын жетілдіруге, әкімшілік кедергілерді алып тастауға бағытталған. Сонымен қатар, Қазақстан Республикасы мен экономикалық ынтымақтастық ұйымдарына мүше мемлекеттердің патенттеу саласындағы заңнамасын оңтайландыру үшін кейбір нысандарды жедел патенттеу енгізілуде»,- делінген қонституциялық заңнама, сот жүйесі мен құқықтық органдар бойынша комитеттің қорытындысында.

Патенттеудің ыңғайлы шарттары қарастырылған нысандардың тізімі өкілетті органдармен түзіледі.

«Заң жобасында ұжымдық негізде мүліктік құқықты басқаратын ұйымдарға міндеттеме, жиналған сыйақыны бөлу және төлеу қарастырылған»,- деп қорытындыда атап өтілген.

Заң жобасында Азаматтық кодекске, Салық кодексі мен өзгеде міндетті кодекстерге өзгертулер мен толықтырулар енгізу қарастырылған.

Камила Амирова

Барлық жаңалықтар