• Басты
  • Жаңалықтар
  • Атырау облысындағы тауарлық-бекіре фермасы жылына 100 мың тонна балық өндіреді (ФОТО)

Атырау облысындағы тауарлық-бекіре фермасы жылына 100 мың тонна балық өндіреді (ФОТО)

5 Ақпан, 2015 14:03
Атырау облысында 2014 жылы ҮИИДМБ аясында іске қосылған тауаралық - бекіре фермасы жылына 100 мың тонна тауарлық балық, 10 тонна жеуге арналған уылдырық пен 100 мың дана жас бекіре балықтарды өндіруді жоспарлауда.

Тауарлы бекіре фермасы «Каспиан Роял Фиш» ЖШС-ның құны  491 млн теңге. Кәсіпорында 25 жұмыс орны ашылған.

Ішкі саясат басқармасының мәліметі бойынша, жобаның өзіндік ерекшелігі онда температурасы реттеліп тұратын арнайы құрылғыда балық үздіксіз өндіріледі және ондағы балықтардың жетілу процесінің мерзімі  2 есеге  қысқарған.

«Алғашқы өнім - жас бекіре балығы мен ұрықтанған материал (ұрықтанған, құрттар ) 50-60 күннен кейін алынды, ал 1,5 жылдан кейін тауарлы бекіре алынады, ал жеуге арналған уылдырық   сәйкесінше 4-5 жылда алынылады», - деп ІСБ түсіндірді. 

Аталып өткендей, жобаның табиғатқа қамқорлық көрсету сипаты бар.

 

 

Барлық жаңалықтар