- Басты
- Жаңалықтар
- Алматы облысында аудандық партия ұйымының атауы Кеңес Одағының батыры атына ауыстырылды
Алматы облысында аудандық партия ұйымының атауы Кеңес Одағының батыры атына ауыстырылды
Шараға Кеңес Одағының батыры, партия мүшесі И.Косенков, «Нұр Отан» партиясы Алматы облыстық филиалы төрағасының бірінші орынбасары С.Мұқанов, Қаратал ауданының әкімі Қ.Бисембаев, аудандық мәслихат депутаттары, партия мүшелері мен БАҚ өкілдері қатысты, деп хабарлады облыс әкімдігі.
«Біздің ұжым мүшелері аталған бастауыш партия ұйымының атауын Қазақстандағы көзі тірі жалғыз Кеңес Одағының батыры Иван Васильевич Косенков есіміне ауыстыру жөнінде облыстық партия филиалына ұсыныс жолдаған болатын. Бүгінгі жиналыста аталған мәселе көпшілік дауысқа салынып, бір ауыздан мақұлданды. Бастауыш партия ұйымына батыр жерлесіміздің есімі беріліп жатқанына ұжым мүшелері қуанышты», - деді Қаратал аудандық ауруханасы бас дәрігерінің орынбасары Рысбек Тапенов.
Сондай-ақ, көп жылдан бері аталған БПҰ-на жетекшілік еткен Күлмайра Сағындықова өз сөзінде «Бұл бастауыш партия ұйымы 1999 жылы құрылған. Ол кезде небәрі қатарымызда 55 адам ғана болатын. Бүгінде 433 партия мүшесіне дейін жетті. Иван Васильевич Косенков атындағы бастауыш партия ұйымы тек үздіктердің қатарынан көрінеді деген сенімдемін», - дейді партия мүшесі.
Айта кететін жайт, сұрапыл соғысқа Жетісу жерінен 120 мың адам аттанса, олардың арасынан 53 азамат «Кеңес Одағының Батыры» атағына ие болған. Бүгінде еліміз бойынша көзі тірі тек Иван Васильевич Косенков. «Алтын Жұлдыз» ордені, Ұлы Отан соғысының І және ІІ дәрежелі ордендерінің, «Қаратал ауданының құрметті азаматы», «Құрметті теміржолшы» атақтарының және «Құрмет» Орденінің иегері Иван Васильевич Косенков 92 жаста.
Кездесу соңында аудан әкімі соғыс ардагеріне арнап арнайы ескерткіш орнату ұсынысын жеткізді.
-
Ұлттық кеңес: Медицина кадрының жетіспеушілігі, ана мен баланың қауіпсіздігі және білім саласындағы мәселелер -
Жалға берілетін тұрғын үй: Алматылық жастар үшін талаптары қандай -
Қазақстанға Pfizer вакцинасының алғашқы партиясы жеткізілді -
Маңғыстау облысында коронавирустық инфекцияның таралуын болдырмау шаралары -
Қоғамдық кеңестердің қызметі, заңға енгізілген өзгерістер мен Kazkenes.kz порталының жұмысы -
Б.Байжұманов: Алматы облысында коронавирус жұқтырғандар саны азайды -
Шанхай Ынтымақтастық Ұйымының 20 жылдағы жетістігі -
Алматыда мүмкіндігі шектеулі адамдарға қандай көмек көрсетіледі -
ІІМ: Жамбыл облысындағы жарылыс және балалардың жолдағы қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселелері -
Алматыда мектептер мен балабақшалардың жаңа оқу жылына дайындық жұмыстары -
Алматыда дәстүрлі форматта білім беруді ұйымдастыру қалай жүргізілуде -
Тамыз кеңесі:Білім беруді дамытудың өзекті мәселелері талқыланды -
Алматыда тәулігіне 1500- ден астам адам коронавирус жұқтыруда -
Алматы: Тауар айналымы, жөндеу жұмыстары және халықты жұмыспен қамту мәселелері -
Бекшин: Алматыда Covid-19-дың өршу шыңы 10-12 тамызда деп болжанып отыр