• Басты
  • Жаңалықтар
  • 12:00 - Қазақстанда медицинаның кардиохирургия саласының дамуы туралы брифингтің онлайн көрсетілімі

12:00 - Қазақстанда медицинаның кардиохирургия саласының дамуы туралы брифингтің онлайн көрсетілімі

5 Ақпан, 2015 11:19
Бүгін, 5 ақпан, ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникация қызметінде «Қазақстандағы заманауи медицинаның кардиохирургия саласының дамуы туралы» тақырыбында брифинг өтеді.

Брифинг барысында Joint Commission International (JCI) халықаралық тіркеуіне лайықты деп танылған елордалық «Ұлттық Ғылыми Кардиохирургия орталығы» АҚ («ҰҒКО»АҚ)  жұмысы талқыланады. Айта кетерлік жайт, Joint Commission International (JCI) көрсететін қызметінін сапасын арттыруға ұмтылатын медициналық мекемелер үшін «алтын стандарт» болып табылады.

Брифингке «ҰҒКО»АҚ Басқарма төрағасы Юрий Пя,  «ҰҒКО»АҚ Басқарма төрағасының орынбасары  Махаббат Бекбосынова, «Ұлттық медицина холдинг»АҚ Басқарма төрағасы  Нұржан Отарбаев қатысады.

Барлық жаңалықтар