- Басты
- Жаңалықтар
- ШҚО Кәсіпкерлер палатасы мен ШҰАР Алтай аймағы серіктестік жөнінде келісім жасады
ШҚО Кәсіпкерлер палатасы мен ШҰАР Алтай аймағы серіктестік жөнінде келісім жасады
ШҚО Ақпараттық орталығы хабарлағандай, Шығыс Қазақстанға Қытай Халық Республикасы ШҰАР Алтай аймағынан жұмыс сапарымен арнайы делегация келді. Екі жақты кездесу барысында ШҚО Кәсіпкерлер палатасы мен ҚХР ШҰАР Алтай аймағының Халықаралық сауда палатасы өзара ынтымақтастық жөнінде меморандумға қол қойды.
Аталмыш келісімнің мақсаты – өзара ынтымақтастықты күшейте отырып, іскер серіктес табу, сондай-ақ, заңгерлік кеңес қызметін көрсету.
«Шекаралас аймақ ретінде Шығыс Қазақстан үшін қытайлық әріптестермен серіктестікті күшейтудің маңызы зор. Инвестиция құйылып, жаңа технологиялар енгізілуіне қызығушылық танытамыз. Екі ел арасындағы тауар айналымының көлемінің көрсеткіші жоғарғы. Сондықтан, серіктестікті күшейтуге көрші ел де күш салады деп ойлаймын», – деді ШҚО бойынша Кәсіпкерлер палатасының директоры Игорь Шацкий.
Қытайдан келген өкілдер өз кезегінде И. Шацкиймен келісетіндіктерін жеткізді. Осылайша, қос тарап көрмелік іс-шараларды ұйымдастыру және ақпараттандыру бойынша қолдау, мәселе туындататын сауалдар төңірегінде бірлесе шешу (кеденде), сондай-ақ, көрмелік-жәрмеңкелік саланы дамыту бойынша келісім жасасты.
-
Елордада Париж келісімі міндеттемелерінің орындалу барысы талқыланып жатыр -
Қазақстан мен әлемдегі эпидемиологиялық жағдай: «Омикрон» штамы әлемнің 20 мемлекетінен табылды -
ТЖМ: Газ баллондар мен газ жабдықтарын қалай пайдалану керек -
Инвестициялық саясат: ТШИ, саладағы негізгі трендтер мен өңірлердегі инвестиция тарту мәселесі -
ЖИТС және АИТВ: Ауруды алдын-алу мен емдеу шаралары -
Қазақ тілінде дыбысталған тағы бір фильм көрерменге жол тартты -
Асқар Мамин: Қазақстан өз даму жолында сапалы серпіліс жасады -
Жергілікті қамтуды дамыту: Инвестиция қоры, қосылған құн салығы мен мұнай-газ саласы -
Түркістан облысы: Өңірдегі эпиджағдай, жұмыссыздық мәселесі мен әлеуметтік-экономикалық дамуы -
Ағзадағы темір тапшылығы: Себептері мен салдары -
ТДМ: Климаттың өзгеруі, экологиялық сауатталықты арттыру мен қоқыс тастау мәдениетін қалыптастыру мәселелері -
Ұлттық кеңес: Медицина кадрының жетіспеушілігі, ана мен баланың қауіпсіздігі және білім саласындағы мәселелер -
ДСМ: 1500-ден астам бала мен жүкті әйел коронавирусқа қарсы вакцина алды -
ITEC: Оқу бағдарламасының мүмкіндіктері мен ерекшеліктері -
Ұлттық валюта күні: Теңгенің айналымға ену тарихы мен жеткен жетістіктері