- Басты
- Жаңалықтар
- ЕАЭО қызметінің өзекті мәселелері ЕЭК кеңесінің отырысында талқыланды
ЕАЭО қызметінің өзекті мәселелері ЕЭК кеңесінің отырысында талқыланды
Комиссия Кеңесінің кезекті отырысының күн тәртібінде ЕАЭО жұмысының тиімділігін қамтамасыз етуге бағытталған өзекті мәселелер қойылды, деп хабарлады Премьер-Министрдің ресми сайты.
Кеңес отырысының күн тәртібінде тұрған маңызды мәселелердің бірі Қырғыз Республикасының ЕАЭО-ға қосылуы үшін Хаттама жобаларын дайындау болып отыр.
«Біз өзара келісімге келдік, жалпы алғанда, Қырғызстанның қосылуы туралы Хаттама жобалары дайын. ЕАЭО мүшелерінің саны артуы экономикалық кеңістіктің аумағын ұлғайтып қана қоймай, интеграциялық одаққа қызығушылықты арттырып, оған мүше мемлекеттердің экономикасының дамуына тұрақтылық сыйлайды. Оған Одақтың өнеркәсіптік және агроөнеркәсіптік байланыстарын тереңдету, көлік-логистикалық, транзиттік әлеуетін дамыту негіз болмақ. Қазіргі экономикалық ахуал жағдайында бұл өте маңызды», - деп атап өтті Бақытжан Сағынтаев.
Отырыс барысында негізгі сауда серіктестерімен әр мүше мемлекеттің де, сондай-ақ тұтас Одақтың халықаралық ынтымақтастықтығын дамыту мәселелері талқыланды. Бұл сұрақ 6 ақпан күні үкімет басшылары деңгейінде өтетін Еуразиялық үкіметаралық Кеңес отырысында қаралады. Келешекте Еуразиялық экономикалық одақтың халықаралық ынтымақтастығын дамытудың негізгі векторлары айқындалады.
Сондай-ақ, Бақытжан Сағынтаевтің айтуынша, 2015-2016 жылдарға арналған жеңіл өнеркәсіп өнімдерін таңбалаудың пилоттық жүйесін кезең-кезеңмен енгізу мәселесі бойынша ортақ келісімге қол жеткізілді. Атап айтқанда, бастапқы кезеңде киім-кешек және табиғи теріден жасалған бұйымдар сияқты тауарлар таңбаланатын болды. Аталған мәселені де үкімет басшылары 6 ақпан күні қарайды.
Еуразиялық экономикалық одақтың Кедендік кодексі жобасын әзірлеу бойынша жүргізіліп жатқан жұмыстар барысы қаралды. Бұл құжатты қабылдау кедендік декларациялауды электронды түрде жүзеге асыруға септігін тигізеді, ал ол өз кезегінде кедендік тазарту уақытын үнемдеп, бизнеске түсетін ауыртпалықты жеңілдетеді.
Бұдан өзге, Еуразиялық экономикалық одақтың тиімді қызметін қалыптастыруға бағытталған жеке шешімдер қабылданды.
Атап айтқанда, сауда-саттық барысында қиындықтар туындамас үшін және сыртқы экономикалық қызмет қатысушыларына салмақ салмас үшін «Бір терезе» тетігін дамытудың негізгі бағыттарын жүзеге асыру бойынша Іс-шаралар жоспары бекітілді.
-
ТДМ: Климаттың өзгеруі, экологиялық сауатталықты арттыру мен қоқыс тастау мәдениетін қалыптастыру мәселелері -
«Денсаулық» бағдарламасы: медициналық білім беруді жаңғырту мәселелері -
Өңірді дамытудың өзектілігі -
«Білімді ұлт»: Балаларды мектепке дейінгі тәрбие және біліммен қамту мәселелері -
АШМ: Ұлттық жобаның негізгі міндеттері мен импортты алмастыру мәселелері -
ІІМ: Жол қауіпсіздігі мәселелері және жедел-қызметтік жұмыс қорытындылары -
Цифрлы экономиканы дамытудағы деректерді өңдеудің өзектілігі -
ЕАЭО отырысы: экономикалық ынтымақтастық, трансшекаралық логиcтиканы дамыту және азық-түлік қауіпсіздігі -
Есірткі қылмысымен күрес: зерханаларды жабу, сайттарды бұғаттау және заңсыз жарнамалау мәселелері -
Маңғыстау облысының дамуы: Өңірді сумен жабдықтау, газ, мұнай өндіру және экология мәселелері -
Шетелдердегі қазақтармен жұмыстың өзектілігі -
Машина жасау: Өндіріс көлемі, экспорт және саланың өзекті мәселелері -
ІІМ: Жамбыл облысындағы жарылыс және балалардың жолдағы қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселелері -
Тамыз кеңесі:Білім беруді дамытудың өзекті мәселелері талқыланды -
Жем-шөппен қамту және егін жинау науқанына дайындық мәселелері