- Басты
- Жаңалықтар
- «Тарихтың алтын кестесі» көрмесінде Қазақ хандығының 550 жылдығына арналған 50 экспонат қойылды (Фото)
«Тарихтың алтын кестесі» көрмесінде Қазақ хандығының 550 жылдығына арналған 50 экспонат қойылды (Фото)
«Көрмеде 50-ден артық экспонат көрсетілді. Бұл бір-бірін қайталамайтын бірегей бұйымдар. Бұл алтын апталған үйлену, сыртқа шығатын әшекейленген бұйымдар», - деді А.Әбдібаит.
Айта кетерлігі, А.Әбдібаит осы күнге дейін алтынмен тоқумен айналысады. Ол тарих қойнауында қалған киім-кешек үлгісіне жаңаша тыныс береді.
«Мен Айжанды суретші ретінде танимын. Оның дәстүрлі алтынмен кестелеуді тізгіндегеніне көп уақыт өтті. Суретші алтынмен әспеттеуді қазіргі күнде қайта жаңғыртып жүр, бұл өнер түрі 19 ғасырда ұмыт болған еді. Оның жұмыстары ерекше, осы сынды қолөнер түрімен айналысатын адамдар жоқтың қасы», - деді Қалиолла Ахметжан.
Айта кетейік, Айжан Әбдубаит тарих қойнауында қалған ғасырлардың киімдері мен тұрмысын қалпына келтіреді және қайта жаңғыртады. Көне «Зерлеу» техникасымен ол той және ұлттық киімдерді, тұрмыс заттарын жасайды.
«Зерлеу» - алтынмен тігу техникасы ғана емес, бұл - ерекше пәлсафа. Автордың айтуынша, кестелеп тоқудың тамыры тереңде жатыр. Қазақтар бұл көркем әдіспен беделді адамдардың салтанатты киімдерін, бас киімдерін, тұрмыстық заттарын әшекейлеген. Әр зат түсінікті қажет ететін тарихи және мәдени ақпараттардың үлкен мағынасына ие, оларды тек түсініп сақтай білуіміз қажет.
Индира Кауметова
-
Сарапшы: «Қазақстан ұлт болып ұйысудың өзіндік моделін қалыптастырды» -
Қосшы қаласында «Алтын домбыра» айтысы өтті -
Қазақстан мен әлемдегі эпидемиологиялық жағдай: «Омикрон» штамы әлемнің 20 мемлекетінен табылды -
Қазақстан сыртқы саясатының 30 жылдық белестері -
Қазақ тілінде дыбысталған тағы бір фильм көрерменге жол тартты -
Асқар Мамин: Қазақстан өз даму жолында сапалы серпіліс жасады -
«Жаңа гуманитарлық білім. Қазақ тіліндегі 100 жаңа оқулық» жобасының жүзеге асуы -
ДСМ: Қазақстанда коронавирус жұқтыру 2,4 есеге азайды -
Қазақстанда ревакцинациялау науқаны басталды -
Қазақстанның сыртқы саясаты: Экономикалық дипломатия, геосаяси жағдай, экспорт және инвестиция -
АШМ: Қазақстанда дәнді және дәнді-бұршақты дақылдарды жинау аяқталды -
ДСМ: 1500-ден астам бала мен жүкті әйел коронавирусқа қарсы вакцина алды -
Оқушыларға арналған президенттік олимпиада: Жеңімпаздар қандай сыйлыққа ие болады -
Қазақстанда Pfizer вакцинасымен кімдер егіледі, қайда және қалай жүзеге асады -
Қазақстанға Pfizer вакцинасының алғашқы партиясы жеткізілді