• Басты
  • Жаңалықтар
  • Мен үшін қорытынды көрмем Қазақ хандығының 550 жылдығын тойлаумен пара-пар келгені бақыт – Әбдубаит

Мен үшін қорытынды көрмем Қазақ хандығының 550 жылдығын тойлаумен пара-пар келгені бақыт – Әбдубаит

4 Ақпан, 2015 18:22
Мен үшін қорытынды көрмем Қазақ хандығының 550 жылдығын тойлаумен пара-пар келгені бақыт . Бұл туралы ҚР Тұңғыш Президентінің Музейінде шығармашыл жастардың XV Республикалық «Жігер» фестивалі сыйлығының иегері, Қазақстан іскер әйелдер қауымдастығының ұлттық «Ажар» сыйлығының иегері, Қазақстан суретшілер одағының мүшесі Айжан Әбдубаит өзінің «Алтын кесте» жеке көрмесінде мәлімдеді.

«Бұл тегін емес, бұл мен үшін үлкен бақыт, қуаныш. Осындай ұлы той  қарсаңында, яғни Қазақ хандығының 550 жылдығы қарсаңында  менің қорытынды көрмем ұйымдастырылып  отырғаны мен үшін мәртебе», - деді А.Әбдубаит.

Суретші сонымен қатар, өзінің бұйымдарын жасауға оның біраз уақыты кететіндігін айтты.

«Кейбір бұйымдарға бір жыл кететін жағдайлар болып жатады. Менің бір жоспарым бар, мәселен ол үшін менің 3 жылым кетті. Бұл тынымсыз ерен еңбек», - деді ол.

Айта кетейік, Айжан Әбдубаит тарих қойнауында қалған ғасырлардың киімдері мен тұрмысын қалпына келтіреді және қайта жаңғыртады. Көне «Зерлеу» техникасымен ол той және ұлттық киімдерді, тұрмыс заттарын жасайды.

«Зерлеу» - алтынмен тігу техникасы ғана емес, бұл - ерекше пәлсафа. Автордың айтуынша, кестелеп тоқудың тамыры тереңде жатыр. Қазақтар бұл көркем әдіспен беделді адамдардың салтанатты киімдерін, бас киімдерін, тұрмыстық заттарын әшекейлеген. Әр зат түсінікті қажет ететін тарихи және мәдени ақпараттардың үлкен мағынасына ие, оларды тек түсініп сақтай білуіміз қажет.

Индира Кауметова

 

Барлық жаңалықтар