- Басты
- Жаңалықтар
- ҚР Тұңғыш Президенті Музейінде «алтын кесте» бірегей өнер көрмесі ашылды
ҚР Тұңғыш Президенті Музейінде «алтын кесте» бірегей өнер көрмесі ашылды
Айжан Әбдубаит тарих қойнауында қалған ғасырлардың киімдері мен тұрмысын қалпына келтіреді және қайта жаңғыртады. Көне «Зерлеу» техникасымен ол той және ұлттық киімдерді, тұрмыс заттарын жасайды.
«Мен өз алдыма мақсат қойып, соған қарай беттеймін, бұл тігін фабрикасы мен модель бизнесі емес, бұл-өнер, ал қолөнердегі өнердің шыңы алтынмен кестелеу», - деді А.Әбдубаит.
«Зерлеу» - алтынмен тігу техникасы ғана емес, бұл - ерекше пәлсафа. Автордың айтуынша, кестелеп тоқудың тамыры тереңде жатыр. Қазақтар бұл көркем әдіспен беделді адамдардың салтанатты киімдерін, бас киімдерін, тұрмыстық заттарын әшекейлеген. Әр зат түсінікті қажет ететін тарихи және мәдени ақпараттардың үлкен мағынасына ие, оларды тек түсініп сақтай білуіміз қажет.
«Мен ҚР Мемлекеттік Орталық музейі, ҚР Тұңғыш Президентінің Музейі, Қазақстанның облыстық музейлері жинақтарында сақталған жұмыстарымның қатарын толтырса өте риза болар едім», - деді ол.
Айта кетерлігі, көрме Музейдің серіктестік жобасы аясында қазақтардың сәндік-қолданбалы өнерінің көне дәстүрлері мен тарихи артефактілерғе жаңа өмір беретін автордың шығармашылығын ауқымды көрсету мақсатында ұйымдастырылып отыр. Қазақ мемлекеттілігінің тарихы тек жылнамалар мен аңыздарда ғана емес, сонымен бірге, шебер зергерлердің жасаған алтын өрнектерінде де сақталып қалған.
Индира Кауметова
-
Қосшы қаласында «Алтын домбыра» айтысы өтті -
30 жыл: ҚР машина жасау саласы қандай жетістіктерге жетті -
Тұңғыш президент күні: Елбасының 10 басты шешімі -
Елордада Al-Farabi Knowledge Centre атты білім орталығы ашылды -
Әскери-қорғаныс өнеркәсібінің даму перспективалары -
Шетелдік сарапшы: “Елбасы мен ел президентінің съезді өткізудегі еңбегін жоғары бағалаймын” -
Отандық өнеркәсіп салаларының дамуы және мемлекеттік қолдау шаралары -
Елордада Жеңіс Нұрлыбаевтың «Пандемия. Шектеу. Самғау...» атты жеке көрмесі ашылды -
Қазақстанда журналистерге арналған бірегей сөздік таныстырылды -
Жол картасы аясында 5,5 мыңға жуық жұмыс орны ашылды -
Өнеркәсіптік қауіпсіздік талаптарының сақталуына текеру жүргізілді -
ҚР-дағы жұмыс күшінің саны 2050 жылға қарай шамамен 11,4 млн адамды құрайды -
Салық заңнамасындағы жаңашылдықтар -
Елордада Дина Нұрпейісованың ескерткіші ашылды -
Еліміздегі опера және балет өнерінің дамуы