- Басты
- Жаңалықтар
- Қазақстанның әскери-әуе күштері СУ-30СМ ұшақтарымен толықты (Фото)
Қазақстанның әскери-әуе күштері СУ-30СМ ұшақтарымен толықты (Фото)
Қорғаныс министрлігі хабарлағандай, сапар барысында ӘҚК басқолбасшысы авиация генерал-майоры Нұрлан Орманбетов Иркутск авиация зауытында болды.Зауытта ол Иркутск авиақұрылысшыларының түрлі үлгідегі ұшақтарының өндірісімен танысып, бірқатар пайдалы кездесулер өткізді. ҰҚШҰ және ӘШҚҚ БРС шеңберінде Қазақстан Республикасы мен Ресей Федерациясы арасындағы әскери-техникалық ынтымақтастық тақырыбы талқыланды.
Иркутск авиациялық кәсіпорнына жаңа авиациялық техниканы теория жүзінде меңгеру мақсатында ҚР ҚК ӘӘК авиация бөлімдерінің ұшқыштары мен инженерлік-техникалық құрамы келді. Олар бір ай бойы ресейлік әріптестерден жаңа техниканың қыр-сырын үйренетін болады.
«Су-30 СМ ұшағы – бірегей, жоғары маневрлі жойғыш ұшақ. Оның қозғалтқышында басқарылатын тарту векторы бар. Авиация мамандары Қазақстан Әскери-әуе күштерінің ұшқыштары мен инженерлік-техникалық құрамын қысқа мерзім ішінде даярлықтан өткізеді», - деді Иркутск авиация зауытының бас директоры Алексей Вепрев.
«Еліміздің Президенті - Қарулы Күштердің Жоғарғы Бас қолбасшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың саясатының арқасында бүгінгі таңда жауынгерлік авиацияны қару-жарақ пен әскери техниканың заманауи түрлерімен қайта жарақтандыру мүмкіндігі бар. Аталмыш көп функциялы ұшақ Әуе қорғанысы күштерінің жауынгерлік мүмкіндігін айтарлықтай арттыратыны анық. Сонымен қатар, ұшақтың техникалық ерекшеліктері ұшқыштардың жауынгерлік даярлығының жоғары деңгейін қамтамасыз етеді», - деді авиация генерал-майоры
Нұрлан Орманбетов. Естеріңізге сала кетсек, жақын арада Қазақстанның Әскери-әуе күштерінің қатары 4++ буынына жататын жаңа жоғары маневрлі Су-30 СМ жойғыш ұшақтарымен толықты. Бұл еліміз – Қазақстан Республикасының әуе шекарасы күзетінің сенімділігін арттыра түседі. Қазақстан армиясы жылдан жылға нығайып, әскерлерге қару-жарақ пен әскери техниканың жаңа үлгілері келіп түсуде, әскери кадрлардың кәсіби біліктілігі артып келеді.
-
Қазақстанның сыртқы саясаты: Экономикалық дипломатия, геосаяси жағдай, экспорт және инвестиция -
«Қазақстанның киберқалқаны»: ақпараттық қауіпсіздіктің маңызы -
Қазақстанның геология саласын дамыту шаралары -
Қазақстанның сайлау жүйесінің трансформациялануы -
Жаһандық рейтингтегі Қазақстанның аналитикалық орталықтары -
Қазақстанның білім беру нысандары қалай күзетіледі -
Қазақстанның бейбіт бастамалары -
Тоқаев «Қазақстанның 100 жаңа есімі» жобасының жеңімпаздарымен кездесуге қатысты -
Түркістан декларациясы – Қазақстанның дипломатиялық жетістігі -
Педагогтерге алғаш рет «Қазақстанның еңбек сіңірген ұстазы» мемлекеттік наградасы табыс етілді
-
Пандемияға 1 жыл: Қазақстанның денсаулық сақтау саласы өзгерді - дәрігер -
Қазақстанның 2025 жылға дейінгі Ұлттық даму Жоспары: стратегиялық міндеттер, коронадағдарыс салдарын еңсеру шаралары -
COVID-19 пандемиясы Қазақстанның денсаулық сақтау саласына қандай өзгерістер алып келді -
Қазақстанның 2025 жылға дейінгі дамуының ұлттық жоспары бекітілді -
Зейнетақы жүйесінің дамуы: Қандай өзгерістер мен толықтырулар енгізіледі