- Басты
- Жаңалықтар
- Ақтөбе облысында ЖҚЖК аясында 4 млрд теңгеден астам қаржы игерілді
Ақтөбе облысында ЖҚЖК аясында 4 млрд теңгеден астам қаржы игерілді
Облыстың ішкі саясат басқармасы хабарлағандай, өткен жылы облыс бойынша 15725 жаңа жұмыс орны ашылған және 1096 адам әлеуметтік жұмыс орнымен қамтылған. Басқарма тарапынан 10506 азаматтың еңбекке орналасуына ықпал етіліп, 4506 жұмыссыз уақытша қоғамдық жұмысқа тартылды, 615 адам Жастар тәжірибесіне жіберілді.
Бағдарламаның бірінші бағыты бойынша 82 инфрақұрылымдық жобаны жүзеге асыруға дәрігерлік амбулаториялар құрылысын жүргізуге және күрделі жөндеуден өткізуге 3267,1 миллион теңге бөлінді. Жұмыстар толық аяқталып, жұмыссыздар, өзін-өзі қамтамасыз етіп жүргендер және аз қамтылғандар қатарынан 1157 адамға жұмыс орны ашылды.
Екінші бағыт — кәсіпкерлікті дамыту, несие беру бойынша 686,3 миллион теңге бөлінген. 173 бағдарламаға қатысушы кәсіпкерлік негіздері бойынша оқытылды. 382 қатысушыға 654,2 миллион теңге шағын несие берілді. Нәтижесінде 602 жұмыс орны ашылып, жұмыспен қамту орталықтары бойынша 336 адам жұмысқа орналасты.
Басқарма басшысы «Жұмыспен қамту жол картасы — 2020» бағдарламасы бойынша жоспарлы және мақсатты жұмыстар жүргізілгенін айтып өтті. Бағдарламаны жүзеге асыру барысында жұмыссыз, аз қамтылған 7052 азаматтың еңбекке орналасуына көмек көрсетілді. Бұл бағдарлама бойынша бөлінген 4687,7 миллион теңге толығымен игерілді.
Жұмыс берушілердің өтінімдері бойынша жалақының белгілі бір бөлігін субсидиялау арқылы 1417 бағдарламаға қатысушының әлеуметтік еңбекке орналасуына ықпал етілді. Әлеуметтік жұмыс орындарында мерзімі аяқталған 1700 қатысушының 1345-і тұрақты жұмысқа алынды.
Үшінші бағыт бойынша бөлінген 734,3 миллион теңге толығымен игерілді. Еңбек рыногына қажетті мамандықтар бойынша кәсіптік оқулар ұйымдастырылды. Кәсіптік оқулардан өткен 889 адамның 818-і жұмыспен қамтылды.
-
Astana Hub: IT-стартаптарды дамыту, оқыту және қаржыландыру -
Жол картасы аясында 8 мыңнан астам жұмыс орны құрылды -
ЖОО-ларды қаржыландыру, академиялық адалдық саясаты және оқытушылар жалақысы -
ДСМ: 1500-ден астам бала мен жүкті әйел коронавирусқа қарсы вакцина алды -
30 жыл: Жаһандық бастамалардың халықаралық қауіпсіздікке қосқан үлесі -
Ақтөбе облысының дамуы: Мемлекет басшысының тапсырмасы қалай жүзеге асып жатыр -
Елордада «Рухани жаңғыру» аясында қандай жобалар жүзеге асуда -
«Жусан» операциясы, терроризмді қаржыландыруға қарсы күрес шаралары және күзет қызметіне қойылатын талаптар -
Маңғыстау облысында коронавирустық инфекцияның таралуын болдырмау шаралары -
Ж.Жабаевтың 175 жылдығы аясында жарық көрген 10 томдық жинақтың тұсауы кесілді -
Жыл басынан бері қазақстандықтарға 2 трлн-тан астам теңгеге зейнетақы төленді -
Мүгедектігі бар адамдар Әлеуметтік қызметтер порталы арқылы 300 мыңнан астам қызмет алды -
82 мыңнан астам адам жұмысынан айырылуына байланысты МӘСҚ-тан төлем алды -
Ақтөбе және Батыс Қазақстан облыстарындағы коронавирустық инфекцияның таралуын болдырмау шаралары -
«Еңбек» мемлекеттік бағдарламасына 451 мыңнан астам адам қатысты