• Басты
  • Жаңалықтар
  • Б.Сағынтаев Ақтөбе облысында жергілікті қамтуды дамыту мәселелері бойынша кеңес өткізді

Б.Сағынтаев Ақтөбе облысында жергілікті қамтуды дамыту мәселелері бойынша кеңес өткізді

4 Ақпан, 2015 15:03
ҚР Премьер-Министрінің бірінші орынбасары Бақытжан Сағынтаев жұмыс сапарымен Ақтөбе облысына барып, жергілікті қамтуды дамыту және бизнестің әлеуметтік жауапкершілігі мәселелеріне қатысты кеңес өткізді.

Кездесу қорытындысы бойынша Ақтөбе облыстық әкімдігі мен «Еуразиялық топ» ЖШС, «ҚазМұнайГаз» АҚ, «Қазақмыс корпорациясы» ЖШС, «ҚТЖ» ҰК» АҚ, «Қазақтелеком» АҚ, «СНПС-Ақтөбемұнайгаз» АҚ, «Восход Ориел» ЖШС жалпы сомасы 44 млрд теңгені құрайтын жергілікті қамтуды дамыту туралы меморандумдарға қол қойды. 

Кеңесте сөйлеген сөзінде Б.Сағынтаев әлемдік дағдарыс Қазақстан экономикасына кері әсер етпеуі үшін Мемлекет басшысы 

халыққа Жолдауында «Нұрлы жол - болашаққа бастар жол» жаңа экономикалық саясатын жариялағанын еске салып өтті. 

«Нұрлы жол» елдің инфрақұрылымын дамытуға, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығын жаңғыртуға, жаңа жұмыс орындарын ашуға бағытталған. Бұл өз кезегінде жалпы экономиканың дамуына қуатты оң әсер бермек», - деді Б.Сағынтаев.

ҚР Премьер-Министрдің ресми сайты хабарлағандай, Ақтөбе облыстық әкімдігі мен өңірдің өнеркәсіп орындары жұмыс орындарын сақтау және өндірістік үрдістерді тұрақтандыру бойынша меморандумға қол қойды. Солардың ішінде «СНПС-Ақтөбемұнайгаз» АҚ, «Қазхром» АҚ, «Қазақойл-Ақтөбе» ЖШС және т.б бар.

 

Барлық жаңалықтар