- Басты
- Жаңалықтар
- Қазақстан мен Австралия өкілдері мәдениет ескерткіштерінің сақталуы бойынша тәжірибе алмасты
Қазақстан мен Австралия өкілдері мәдениет ескерткіштерінің сақталуы бойынша тәжірибе алмасты
ҚР мәдениет және спорт министрлігі хабарлағандай, екі мемлекеттің өкілдері мәдениет ескерткіштерінің сақталуы мен бұқаралық спорт мәселелерін талқылаған болатын.Әңгімелесу бүкіләлемдік мәдени және табиғи мұраларды сақтау, әлем мәдениетіне қолдау көрсету мәселелерін талқылаудан басталды.
ЮНЕСКО және ИСЕСКО істері бойынша ҚР Ұлттық комиссиясының басшысы ретінде министр А. Мұхамедиұлы ұлттық мәдени мұраларды сақтау саласында ЮНЕСКО-мен өзара әрекеттестіктегі қазақстандық үлгісімен бөлісті. Ол Қазақстанда тарих және мәдениет ескерткіштерінің сақталуы, оларды ЮНЕСКО Бүкіләлемдік мұра Тізіміне енгізілуі бойынша кең көлемді жұмыстар жүргізіліп жатқандығын мәлімдеді.
Бүгінгі таңда Тізімге Қазақстанның бірегей тарих және мәдениет ескерткіштері Қожа Ахмет Яссауи кесенесі (2003), Тамғалы петроглифтері (2004), Солтүстік Қазақстанның далалары мен көлдері (2008) және Ұлы Жібек жолының Чанъань-Тянь-Шань бөлігіндегі объектілері - Қаялық, Қарамерген, Талғар, Ақтөбе, Ақыртас, Құлан, Қостөбе және Өрнек қалашықтары (2014) ілікті.
Питер Вулкотт, өз кезегінде, Жасыл материктің атынан ЮНЕСКО-ның Бүкіләлемдік мұра Тізіміне 19 объект қосылғандығын мәлім етті. Сонымен қатар ол Австралия үкіметі жасақтаған 2050 жылға дейінгі Үлкен Барьерлік рифтің тұрақты дамуының ұзақмерзімді жоспары туралы баяндады. Бұл объект бойынша мәселе үстіміздегі жылдың маусым айында Боннда өтетін ЮНЕСКО Комиссиясының отырысында қарастырылады деп жоспарланып отыр.
Сонымен қатар кездесуге қатысушылар спорт және дене шынықтыру саласындағы ынытымақтастық бойынша пікір алмасты. Қазақстандық ведомстваның басшысы Австралия ұлттық мәдени мұраларды сақтауда үлгі болып табылатындығын ескерте отырып, бұл салада болашақта өзара байланыс тиімді жүзеге асырылатындығына үміт артты. Ол бұл мемлекеттің спорттық қозғалысты дамыту мен насихаттаудағы жетістіктерін ерекше атап өтті.
Питер Вулкотт болса, қазақстандық спорттың заманауи басқару жүйесін дамытуға қолдау көрсету мен Австралияның табиғи саябақтарын басқарудағы тәжірибесімен бөлісуге дайындығын білдірді.
-
Сарапшы: «Қазақстан ұлт болып ұйысудың өзіндік моделін қалыптастырды» -
Қазақстан мен әлемдегі эпидемиологиялық жағдай: «Омикрон» штамы әлемнің 20 мемлекетінен табылды -
Қазақстан сыртқы саясатының 30 жылдық белестері -
ТЖМ: Газ баллондар мен газ жабдықтарын қалай пайдалану керек -
Инвестициялық саясат: ТШИ, саладағы негізгі трендтер мен өңірлердегі инвестиция тарту мәселесі -
ЖИТС және АИТВ: Ауруды алдын-алу мен емдеу шаралары -
Қазақ тілінде дыбысталған тағы бір фильм көрерменге жол тартты -
Асқар Мамин: Қазақстан өз даму жолында сапалы серпіліс жасады -
Мүгедектігі бар адамдарды әлеуметтік қорғау бойынша қандай шаралар қолға алынды -
Жергілікті қамтуды дамыту: Инвестиция қоры, қосылған құн салығы мен мұнай-газ саласы -
ДСМ: Қазақстанда коронавирус жұқтыру 2,4 есеге азайды -
Қазақстанда ревакцинациялау науқаны басталды -
Түркістан облысы: Өңірдегі эпиджағдай, жұмыссыздық мәселесі мен әлеуметтік-экономикалық дамуы -
Ағзадағы темір тапшылығы: Себептері мен салдары -
Қазақстанның сыртқы саясаты: Экономикалық дипломатия, геосаяси жағдай, экспорт және инвестиция