Ақмола облысында балалар үйі тәрбиеленушілерінің саны азаюда

4 Ақпан, 2015 20:11
Ақмола облысында жетімдер үйінің 569 тәрбиеленушісі отбасыларға орналасты, бұл орайда балалар үйінің тәрбиеленушілерінің саны 947-ден 478-ге дейін азайды, деп хабарлады Облыстың ішкі саясат басқармасы жанындағы «Ақмола Медиа Орталығы».

2014 жылы Жолымбеттегі балалар үйі жабылды. Есіл жетімдер үйі топтастырылып, 60 орын қысқартылды.

«2015 жылы Ақкөл балалар үйін топтастыру жоспарланып отыр, жобалық қуаттылық 100 орынға қысқармақ», - делінген хабарламада.

 

Барлық жаңалықтар