• Басты
  • Ақтөбеде еңбек қатынастары саласында меморандумға қол қойылды

Ақтөбеде еңбек қатынастары саласында меморандумға қол қойылды

4 Ақпан, 2015 19:48
Ақтөбеде жұмыс берушілер, кәсіподақ өкілдерімен Қалалық әкімдігі арасындағы өндірістік жүйесін реттеу мақсатында өзара түсіністік меморандумына қол қойылды.

Ішкі саясат басқармасы хабарлағандай, меморандумға қол қоюға қаламыздың ірі кәсіпорындары мен мекемелері, Ақтөбе облысының кәсіподақ ұйымы орталығының төрағасы, үшжақты комиссия мүшелері, мемлекеттік мекеме басшылары шақырылды.

Басты мақсат, өндірістік комплексте жұмыспен үздіксіз қамтамасыз ету және өндірістің қажетті көлемін сақтау, қала халқының мұқтажын есепке алу мен әлеуметтік қақтығыстың алдын-алу, жанұялардың бірлігі мен бейбітшілігін сақтау.

Меморандумға Ақтөбе қаласының әкімі Е.Омаров, кәсіподақтардың аймақтық бірлестігі «Ақтөбе облыстық кәсіподақ орталығы» төрағасы Т.Айжарықов және «Стройдеталь» ЖШС, «Ақтөбе ЖЭО» АҚ, «Нектар» ЖШС, «Ануар» ЖШС және тағы басқа кәсіпорын басшылары қол қойды. Меморандумға қол қою жұмыстары қаланың басқа кәсіпорындарымен жүргізіле береді.

 

Барлық жаңалықтар