- Басты
- Жаңалықтар
- Алматының спорттық инфрақұрылымы халық игілігіне жұмыс істейтін болады
Алматының спорттық инфрақұрылымы халық игілігіне жұмыс істейтін болады
Спорттың шаңғы түрлерін өскелең ұрпақ арасында кеңінен насихаттауға жете мән берілуде. Мысалы, жаңа нысанды кәсіби спортшылармен қатар балалар да тегін пайдалана алады. Алматы әкімі Ахметжан Есімовтың тікелей бастамасы әрі тапсырмасы бойынша жоғары оқу орындары студенттерінің денешынықтыру және спорт жөніндегі жоспарлы сабақтары шаңғы трассасының базасында өтетін болады.
Қала әкімдігі хабарлағандай, техникалық жағынан күрделі бұл спорттық нысанның басты ерекшелігі- қаланың тура орталығында орналасқандығында әрі инфрақұрылымы жайлы, қолжетімді. Шаңғы трассасының трамплин жанына салынуының өзі оның құндылығын арттыра түседі. Жоғарыда аталған факторларға орай халықаралық сарашылар қоғамдастығы оған әлемдік рейтингте үш үздіктің бірі деген әділ бағасын берді.
«Атап өтерлік жайт, кезінде бос жатқан жерге (қоқыс тасталатын алаңқай) қазіргі заманғы құрылыс материалдарын пайдалана отырып, жаңа нысан салу мегаполис бюджетіне арзанға түсті. Ауқымды құрылыс 2014 жылдың көктемінде басталды. Кешенде 60 модуль ді орын, стандарт ты стадион, 600 көрермендік трибуна, қазылар кабиналары бар. Шаңғы жолының жалпы ұзындығы - 7,5 км, солтүстік бөлігі - 5 км, оңтүстігі - 2,5 км. Болашақта құрылыс 2015 толық аяқталады, абаттандыру, жарықтандыру жұмыстары қолға алынады», - делінген хабарламада.
Жаңа нысанда барлық жастағылардың ерекшеліктері толық ескерілген. Нысанның құндылығы барлық маусым бойына жұмыс істейтігінде, жақын арада 2,5 км асфальт төселеді. Соның арқасында жазғы чемпионаттар өткізіп, роликті конький тебуге болады. Бұл трасса қажетті барлық қондырғылармен жабдықталған,кроосқа дайындалуға, маунтинбайк және басқа да сабақтарды өткізуге болады.
-
ІІМ: Учаскелік инспектордың рөлі, құзыреті және халықпен кері байланыс -
95 мыңға жуық адам жұмысынан айырылуына байланысты МӘСҚ-тан төлем алды -
Қай қалалардың әуежайында цифрлы жеке куәлікті қолдануға болады -
Түркістан облысы: Өңірдегі эпиджағдай, жұмыссыздық мәселесі мен әлеуметтік-экономикалық дамуы -
Жол картасы аясында 8 мыңнан астам жұмыс орны құрылды -
Оқушыларға арналған президенттік олимпиада: Жеңімпаздар қандай сыйлыққа ие болады -
Халық санағы аяқталды: Нәтижесі қашан жарияланады -
30 жыл: Жаһандық бастамалардың халықаралық қауіпсіздікке қосқан үлесі -
Заңгер-студенттер халықаралық байқауда сот отырысын жеңді -
МӘМС үшін төлемді қалай, қайдан жасауға болады -
«Мұқағали» фильмінің халықаралық премьерасы Таллинде өтеді -
Тоқаев: Өңірлердегі ішкі саясат басқармасының жұмысын жандандыру қажет -
ІІМ: Жол қауіпсіздігі мәселелері және жедел-қызметтік жұмыс қорытындылары -
Халықты әлеуметтік қорғаудың қазақстандық моделі -
А.Цой: 17 қазаннан бастап вакцина алмағандар жұмысқа жіберілмейді