- Басты
- Жаңалықтар
- ҰКП мен Инвестициялар және даму министрлігі ынтымақтастық жайлы келісімге келді
ҰКП мен Инвестициялар және даму министрлігі ынтымақтастық жайлы келісімге келді
Ұлттық палата хабарлағандай, екі ірі құрылымның Келісімге қол қоюы – былтырғы жылы жасалған өзара түсіністік және өзара әрекеттестік жайлы Меморандум аясында әрекет етіп келе жатқан ынтымақтастықтың қисынды жалғасы. Мысалы, индустрияландырудың екінші бес жылдығы бағдарламасын (2014-2019 жылдарға арналған ИИДМБ) дайындау, инвестициялық климатты жетілдіру мәселелері бойынша және жақында ғана Үкімет отырысында мақұлданған 2015 жылы өнеркәсіп кәсіпорындарын қолдау бойынша Іс-шаралар жоспарын, оны жүзеге асыру бойынша даярлық іс-шаралары.
Бұл келісім белгілі бір орындау мерзімі, аяқтау формасы және жауапты атқарушылары бар іс-қимыл Жоспарына ие, және де бұл ҰКП-ның Министрлікпен өзара әрекеттестік бағыттарына нақтылық пен кесімділік сипатын береді.
«Биылғы жылы «Нұрлы жол» жаңа экономикалық саясатын және индустрияландырудың екінші бесжылдығын жүзеге асыру басталып кетті. Осы екі маңызды бағдарламаны бастау оңай уақытта орын алып отырған жоқ. Сондықтан да күшімізді шоғырландырған жағдайда жағымды әсер ғана күтеміз. Барлық басты бағыттар бойынша бірлескен жұмыс жүргізілетін болады. Елбасының алдымызға қойған басты міндеті – кәсіпорын жұмысының тұрақтылығын қамтамасыз ету, жұмыс орындарын сақтап қалу және экономикаға жеке меншік инвестициялар тарту бойынша жұмысты белсендіру. Ал біздің бүгінгі келісім осыған бағытталып отыр», – деп баса айтты инвестициялар және даму министрі Әсет Исекешев.
«Келісім аясында мыналарға жәрдем жасау жоспарланып отыр: Елбасы мен ҚР Үкіметі тапсырмасын тиімді жүзеге асыруға, Қазақстан Республикасы экономикасына инвестициялар тартуға, технология трансферіне және әрекеттегі кәсіпорындарда еңбек өнімділігінің артуына, мемлекет және бизнес үшін тиімді де өзара пайдалы сатып алулардағы жергілікті мазмұн көлемінің бұдан әрі көбеюіне, сонымен қатар жер қойнауларын пайдаланушылардың, арнайы экономикалық аймақтарды тиімді басқаруға және дамытуға», - деп атап өтті ҰКП Басқарма Төрағасы Абылай Мырзахметов.
Келісімде сонымен қатар ҰКП өкілдерінің басқару органдары мен кіші ведомстволық дамыту институттарының бақылау кеңестері құрамына қатысуы көзделген.
Сонымен қатар, ҰКП туралы Заң нормасын жүзеге асыру аясында ҰКП белгілеуімен бейқаржылық қолдау шараларының бірыңғай операторы қазірде дайындалып жатқан Кәсіпкерлікті қолдаудың бірыңғай бағдарламасын жүзеге асыруда, онда сыртқы және ішкі нарықтарға отандық тауарларды өркендету бойынша шараларды жасау, жергілікті мазмұнды дамыту және экспортты қолдау Ұлттық палатаға беріледі.
Осыған орай, келісімде Министрліктің өз қарауындағы ұйымға, соның ішінде «NADLoC» Ұлттық жергілікті мазмұнды дамыту жөніндегі агенттік» АҚ және «KAZNEX INVEST» Ұлттық экспорт және инвестициялар жөніндегі агенттік» АҚ қатысу үлесін ҰКП-ға сенімгерлікпен басқаруға беруге жәрдем көрсетуі көзделген.
-
Қазақстан мен әлемдегі эпидемиологиялық жағдай: «Омикрон» штамы әлемнің 20 мемлекетінен табылды -
ТЖМ: Газ баллондар мен газ жабдықтарын қалай пайдалану керек -
Инвестициялық саясат: ТШИ, саладағы негізгі трендтер мен өңірлердегі инвестиция тарту мәселесі -
ІІМ: Учаскелік инспектордың рөлі, құзыреті және халықпен кері байланыс -
«Аңсаған сәби» бағдарламасына кімдер қатыса алады және іріктеу қалай жүреді -
ЖИТС және АИТВ: Ауруды алдын-алу мен емдеу шаралары -
Қазақ тілінде дыбысталған тағы бір фильм көрерменге жол тартты -
Асқар Мамин: Қазақстан өз даму жолында сапалы серпіліс жасады -
Жергілікті қамтуды дамыту: Инвестиция қоры, қосылған құн салығы мен мұнай-газ саласы -
Түркістан облысы: Өңірдегі эпиджағдай, жұмыссыздық мәселесі мен әлеуметтік-экономикалық дамуы -
Ағзадағы темір тапшылығы: Себептері мен салдары -
Қазақстанның сыртқы саясаты: Экономикалық дипломатия, геосаяси жағдай, экспорт және инвестиция -
АШМ: Қазақстанда дәнді және дәнді-бұршақты дақылдарды жинау аяқталды -
Astana Hub: IT-стартаптарды дамыту, оқыту және қаржыландыру -
ТДМ: Климаттың өзгеруі, экологиялық сауатталықты арттыру мен қоқыс тастау мәдениетін қалыптастыру мәселелері