- Басты
- Жаңалықтар
- Мәжіліс әлеуметтік-еңбек саласындағы мемлекеттік қызметтерді оңтайландыру және автоматтандыру мәселелері жөніндегі заң жобасын мақұлдады
Мәжіліс әлеуметтік-еңбек саласындағы мемлекеттік қызметтерді оңтайландыру және автоматтандыру мәселелері жөніндегі заң жобасын мақұлдады
«Аталған заң жобасы Мемлекет басшысының «электрондық үкіметті» дамыту және мемлекет көрсететін қызметтерге азаматтардың қолжетімділігін арттыру жөніндегі тапсырмасына сәйкес әзірленді. Құжатта азаматтарға мемлекеттік және жергілікті органдарда немесе зейнетақы төлеу жөніндегі орталықтарда әлеуметтік-еңбек саласындағы 36 мемлекеттік қызметтің 16-сы бойынша өтінім беру және қызмет алу мүмкіндігін беруді, сондай-ақ, халыққа қызмет көрсету орталықтарында (ХҚКО), «Электрондық үкімет» порталы арқылы, медициналық-санитариялық сараптама (МСС) бөлімдерінде қызмет көрсетуді қарастырылған», - делінген әлеуметтік - мәдени даму комитетінің қорытындысында.
Заң жобасына сәйкес азаматтар «электрондық үкімет» порталы арқылы жасына қарай мемлекеттік базалық зейнетақы төлемдерін және мемлекеттік арнаулы жәрдемақыларды, жұмыстан босаған жағдайда және бала күтімі бойынша әлеуметтік төлемдерді рәсімдеуге қажетті құжаттарын өткізе алады.
Бұдан басқа, ол Үкіметтің бірыңғай ақпараттық жүйесін пайдалану талап етілетін құжаттар санын және көрсетілетін мемлекеттік қызмет мерзімін қысқартуға мүмкіндік береді. Мысалы, базалық зейнетақы рәсімдеу барысында азаматтар 5 құжаттың орнына тек жеке куәлігін көрсете алады, ал қызмет мерзімі 7 күннен 30 минутқа дейін қысқарады.
Аталып өткендей, ағымдағы жылдың 2 ақпанында Үкіметтің аталмыш түзетулер турасында оң қорытындысы алынды.
Камила Амирова
-
ІІМ: Учаскелік инспектордың рөлі, құзыреті және халықпен кері байланыс -
«Аңсаған сәби» бағдарламасына кімдер қатыса алады және іріктеу қалай жүреді -
ЖИТС және АИТВ: Ауруды алдын-алу мен емдеу шаралары -
«Жаңа гуманитарлық білім. Қазақ тіліндегі 100 жаңа оқулық» жобасының жүзеге асуы -
Қазақстанның сыртқы саясаты: Экономикалық дипломатия, геосаяси жағдай, экспорт және инвестиция -
АШМ: Қазақстанда дәнді және дәнді-бұршақты дақылдарды жинау аяқталды -
Astana Hub: IT-стартаптарды дамыту, оқыту және қаржыландыру -
ТДМ: Климаттың өзгеруі, экологиялық сауатталықты арттыру мен қоқыс тастау мәдениетін қалыптастыру мәселелері -
Ұлттық кеңес: Медицина кадрының жетіспеушілігі, ана мен баланың қауіпсіздігі және білім саласындағы мәселелер -
ЖОО-ларды қаржыландыру, академиялық адалдық саясаты және оқытушылар жалақысы -
Елордада электр энергиясын беру және бөлу тарифі төмендетілді -
Қазақстанда Pfizer вакцинасымен кімдер егіледі, қайда және қалай жүзеге асады -
ДСМ: Елдегі эпиджағдай, ревакцинация, Pfizer жеткізілімі және балаларды вакциналау -
Ауыл әйелдерінің форумы: Әйел кәсіпкерлерді қолдау шаралары және грант алған жобалар -
QAZFORUM: Интернет сайттардың міндеті, «Инфодемия» мәселесі және «Фактчекинг» талабы