Астанада Азия чемпионы атағына каратэ-додан халықаралық турнир өтеді

3 Қазан, 2013 09:38
Астанада 5 қазан күні «Азия чемпиондар кубогы» атағына каратэ-додан халықаралық турнир өтеді, деп Спорт және дене шынырықтыру Агенттігінің баспасөз қызметі хабарлады.

«Континентальді каратэнің тарихында тұңғыш рет Астанада халықаралық турнир өтеді, «Азия чемпиондар кубогына» Азия чемпионатының жеңімпаздары мен «Сары континенттің» ең мықты деген спортшылары қатысады. 55 спортшы Азия чемпионы атағына күресетін болады», - деп хабарламада жазылған.

Оған қоса, осы сынды турнир Қазақстанда алғаш рет ұйымдастырылып  отыр.

Дүбірлі дода әйелдер мен ерлер арасында әр түрлі салмақ көрсеткіші  бойынша өтеді.

Барлық жаңалықтар