ОҚО-да 2015 жылы 7 индустриялық аймақтың құрылысы аяқталады

4 Ақпан, 2015 15:18
ОҚО-да Индустрияландыру картасы аясында құны 1,2 триллион теңгелік 223 жоба іске асырылады, оның 65 пайызы ауылдық жерлерде.

Облыс әкімдігі хабарлағандай, Оңтүстік Қазақстан облысында 3 индустриялық аймақтың негізі қаланды. 2015 жылы қосымша 7 жаңа индустриялық аймақтың құрылысын аяқтау жоспарлануда.

Аймақта Индустрияландыру картасы аясында құны 1,2 триллион теңгелік 223 жоба іске асырылады, оның 65 пайызы ауылдық жерлерде. Бүгінде бұл аймақтарда құны 230 млрд. теңгелік 135 инвестициялық жоба іске асуда.

Қазақстандағы қуатты индустриялық орталықтардың біріне айналып отырған Оңтүстік Қазақстан облысы республикада алдыңғы қатарда.

 

Барлық жаңалықтар