- Басты
- Жаңалықтар
- ОҚО-да 50 мың жұмыс орнын сақтап қалу бойынша меморандумдарға қол қойылды
ОҚО-да 50 мың жұмыс орнын сақтап қалу бойынша меморандумдарға қол қойылды
ҚР Премьер-Министрінің бірінші орынбасары Бақытжан Сағынтаевтың төрағалығымен өткен жиын соңында Оңтүстік Қазақстан облысының әкімдігі мен «Қазатомпром», «Қазақтелеком», «ҚазМұнайГаз», «Самұрық Энерго» АҚ арасында жергілікті мазмұнды дамыту жөнінде меморандумдарға қол қойды.
Жұмыс орындарын сақтап қалу және өндірістік процесстерді тұрақтандыру мақсатында Оңтүстік Қазақстан облысының әкімдігі мен өңірдегі ірі өндіріс орындары, оның ішінде «Қазатомпром», «Кентау трансформатор зауыты» АҚ-ы, «ПетроҚазақстан ОйлПродактс», «Стандарт цемент» ЖШС және т.б. арасында меморандумдар түзілді.
Жалпы алғанда осы бағыттағы жұмыстардың нәтижесінде облыста 50 мың жұмыс орындарын сақтап қалуға арналған 1057 меморандумға қол қойылған. Оңтүстік Қазақстан облысы әкімдігі тарапынан өткен жылы өңірдегі кәсіпорындарды қолдауға арналған іс-шаралар жоспары бекітілген. Қолға алынған шаралардың тиімділігі ескеріліп, облыс әкімдігі дәл осындай құжатты 2015 жылы да қабылдап отыр.
Қазіргі таңда өңірдегі өндіріс орындарында кездесіп отырған түйткілді түйіндерді дер кезінде шешіп отыру үшін жұмысшы тобы құрылған. Бұл бағыттағы жұмыстар аудан, қала әкімдіктерінде де қолға алынып отыр. Өңірдің барлық аудан, қалаларында кәсіпкерлік мектептерінің құрылысы аяқталып келеді. Мұнда ісін енді бастап отырған кәсіпкерлерге бизнес негіздері оқытылады деп күтілуде.
-
95 мыңға жуық адам жұмысынан айырылуына байланысты МӘСҚ-тан төлем алды -
Мүгедектігі бар адамдарды әлеуметтік қорғау бойынша қандай шаралар қолға алынды -
ҚЭҰҚ: Стихиялы қоқыс орнын ұйымдастырып, қоқыс полигонында өртке жол бергені үшін жауапкершілікті күшейту қажет -
Қай қалалардың әуежайында цифрлы жеке куәлікті қолдануға болады -
Түркістан облысы: Өңірдегі эпиджағдай, жұмыссыздық мәселесі мен әлеуметтік-экономикалық дамуы -
Жол картасы аясында 8 мыңнан астам жұмыс орны құрылды -
ДСМ: 1500-ден астам бала мен жүкті әйел коронавирусқа қарсы вакцина алды -
Биыл қанша ауыл ауыз суға қол жеткізеді -
Ауыл әйелдерінің форумы: Әйел кәсіпкерлерді қолдау шаралары және грант алған жобалар -
Тоқаев: Өңірлердегі ішкі саясат басқармасының жұмысын жандандыру қажет -
ІІМ: Жол қауіпсіздігі мәселелері және жедел-қызметтік жұмыс қорытындылары -
Елордада «Ататүрік» саябағы аумағында 350 түп ағаш егілді -
А.Цой: 17 қазаннан бастап вакцина алмағандар жұмысқа жіберілмейді -
Пациентті қолдау қызметі қалай жұмыс істейді -
Экспортты қолдау және электронды сауданы дамыту шаралары