- Басты
- Жаңалықтар
- ҚК Қарулы Күштерінде қызметтік иттер «қызмет» атқарады (Фото)
ҚК Қарулы Күштерінде қызметтік иттер «қызмет» атқарады (Фото)
Қорғаныс министрлігі хабарлағандай, иттер гарнизондардағы құқық тәртібін сақтау, әскери бөлімдер мен мекемелерде заңсыз қару-жарақ, оқ-дәрі, жарылғыш, есірткі заттарының айналымы оқиғаларының алдын алуға және анықтауға бағытталған іс-шараларға тартылады. Бүгінгі таңда ҚР Қарулы Күштері Әскери полиция қызметінің қарамағында бірнеше жүз қызметтік иттер бар.
Олардың әрқайсысына жеке кинолог бекітілген. Кинолог итті баптап, оған күтім жасайды. Негізінен қызметке овчарка (неміс, бельгиялық (малинуа), шығыс-европалық) және лабрадорлар таңдалады. Иттердің аталмыш тұқымдары тез үйреніп, қызметтік иттерге қойылатын талаптарға сай келеді. ҚР Қарулы Күштерінде кинологияның дамуына Алматы өңірлік гарнизоны әскери полиция жасағының питомнигі базасында кинологиялық бөлім ашылған болатын.
Ол жерде кинолог мамандарды даярлау және қайта оқыту жұмыстары жүреді. Сонымен қатар, бұл жерде қызметтік-іздестіру иттерін әскери маңызы бар объектілерді күзету үшін, саперлік, медициналық бөлімшелер, іздестіру-құтқару қызметі мен ҚР ҚК ҚӘ Аэроұтқыр әскерлері, барлау бөлімшелері жүргізетін арнайы операциялар үшін өсіріп, асырайды. Кинолог мамандарды барлық деңгейлерде оқытуды жүзеге асыру мақсатында ғылыми негізге сәйкес, білім беру бағдарламалары жасалып, жетілдірілуде. Австрия мен Германия қуатты құрылымдарының кинологиялық қызметтерімен тығыз байналыс орнатылған, олардың базаларындағы курстарда Қазақстан әскери полициясының кинологтары біліктіліктерін арттырып келеді.
-
ІІМ: Жол қауіпсіздігі мәселелері және жедел-қызметтік жұмыс қорытындылары -
Үкіметаралық келісім шеңберінде қазақстандықтар қай елдерде тегін оқи алады -
ҚР Ұлттық ұланы қандай қызмет атқарады -
Ықпалды күштер бәсекесі: қарулы қақтығыстан жұмсақ күшке дейін -
Л.Рамазанова: Жаһандық дағдарысты еңсеруде, экономиканы ілгерлетуде әйелдер маңызды рөл атқарады -
Қорғаныс министрлігінде Қауіпсіздік Кеңесі ведомствоаралық комиссиясының отырысы өтті -
«Еңбек» мемлекеттік бағдарламасы: нәтижелер, мемлекеттік гранттар, микрокредиттер -
ҚР ҚК-дегі жауынгерлік даярлық сан-эпид ахуалға қарай жүргізіледі -
Қарулы Күштерде әскери қызметшілер мен курсанттар үшін 19 сайлау учаскесі құрылды -
Қарулы Күштерде жыл қорытындысы бойынша үздік әскери қызметшілер марапатталды -
ҚКХ партиясы үкіметтен несие рақымшылығын жасауды талап етті -
Елордада «Мейірім шуағы» қалалық акциясы өтті (ФОТО)
-
ХҚО-лар қалай жұмыс істеп жатыр (ФОТО) -
Елордаға қалай кіруге болады (ФОТО) -
Қызмет көрсету сапасы жағынан бәсекеге қабілетті болуымыз керек – әлеуметтік кәсіпкер (ФОТО)