- Басты
- Жаңалықтар
- Тәжікстан ЭКСПО-2017 көрмесіне қатысуын растады
Тәжікстан ЭКСПО-2017 көрмесіне қатысуын растады

ЭКСПО-2017 комиссары Астанада халықаралық көрмені өткізуге дайындық барысы мен Елбасы Н.Назарбаевтың бастамасымен «Жасыл көпір» серіктестік бағдарламасы бастамасы туралы айтты.
Өз кезегінде Тәжістан Премьер-Министрінің бірінші орынбасары Д.Саид екі ел арасындағы өзара қарым-қатынастың жоғары деңгейін айтып өтті. ТР Үкіметінің атынан ол Тәжікстанның ЭКСПО-2017 көрмесіне қатысуын растады.
Сондай-ақ, ол «Жасыл көпір» серіктестік бағдарламасы аясындағы берілген тапсырмаларды орындауға тәжік басшылығы да серіктестік танытатындығын айтты.
ТР Сауда-өндірістік палатасының өкілдерімен кездесу барысында Сауда және экономикалық даму министрі Н.Хекматуллозодпен кездесуде тараптар Тәжікстанның Астанадағы көрмеге қатысуын талқылады. ЭКСПО-2017 көрмесі туралы танысытырылым өтті. Онда көрмеге қатысу үшін қойылатын талаптар көрсетілді.
Өз кезегінде, Қазақстан сыртқы істер министрінің бірінші орынбасары – ЭКСПО-2017 халықаралық мамандандырылған көрмесінің комиссары Рәпіл Жошыбаев Тәжікстанның Астанада өтетін ЭКСПО-2017 көрмесінің жұмысына белсенді атсалысатынына сенім білдірді.
Бұл ТМД мен Орта Азияда өткізілгелі отырған алғашқы халықаралық көрме. Сондай-ақ ол Қазақстан көрменің тақырыбына «Болашақтың энергиясы» деген атау ұсынғанын атап өтті.
Кездесуде барша адамзат үшін өте өзекті болып табылатын энергия ресурстарын тиімді пайдалану мәселесі көтерілді. Ал оның шешімі көптеген елдер үшін стратегиялық міндетке айналды. Бұл тақырыптың негізінде электр энергиясына қолжетімділіктің болмауы, кедейлік деңгейін төмендету секілді жаһандық ауқымдағы проблемалар жатыр.
-
Денсаулық сақтау вице-министрі: Қазақстан Тәжікстанға гуманитарлық көмек ретінде өкпе желдеткіш аппараттарын жыл соңына қарай жібереді
-
Д.Сәдуақасова: "Жас Ұлан" ұйымы балалардың халықаралық жобаларға қатысуына мүмкіндік береді
-
Тәжікстанда Қазақстандық медицина күндері өтуде
-
Қазақстанда жасалған экспорттық тікұшақ Тәжікстанға тапсырылды
-
Қазақ-тәжік экономикалық ынтымақтастығының болашағы зор болмақ
-
Қазақстан мен Тәжікстан Президенттері ынтымақтастық мәселелерін талқылады
-
Н.Назарбаевқа «KADEX-2018» қару-жарақ және әскери-техникалық мүлік көрмесіне дайындық барысы жөнінде баяндалды
-
Н.Назарбаев: Қазақстан мен Тәжікстан ынтымақтастықтың жаңа кезеңіне қадам басты
-
Қазақстан мен Тәжікстан дипнысандарды салу үшін бір біріне жер телімдерін береді
-
Н.Нығматулин: Жолдаудың 10 міндеті қазақстандықтардың белсенді қатысуын талап етеді
-
ТМД үкіметтері басшылары кеңесінің кезекті отырысы 2018 жылы Тәжікстанда өтеді
-
ЭКСПО-2017 көрмесінен кейін нысандарды қолдану (ИНФОГРАФИКА)
-
Қазақстандық инноваторлар «Экспо-2017» көрмесіне қатысу үшін 600-ден астам әзірлеме жіберді
-
Қазақстан соңғы жылдары Тәжікстанның негізгі сыртқы сауда әріптестерінің үштігіне кіреді – Н.Сейтімов
-
«ЭКСПО-2017» көрмесіне қатысу қазақстандық студенттерге серпін берді

