• Басты
  • Жаңалықтар
  • ҚР Елшісі Сан-Марино республикасы басшылығымен әріптестік мәселелерді талқылады

ҚР Елшісі Сан-Марино республикасы басшылығымен әріптестік мәселелерді талқылады

3 Қазан, 2013 09:33
2013 жылғы 1 қазанда Қазақстан Республикасының Италия Республикасындағы, Сан-Марино және Мальтадағы қосымша қызмет атқаратын Елшісі Андриан Елемесов Жан-Карло Капиччони және Анна Мария Муччолидің Сан-Марино Республикасының капитан-регенттері лауазымына тағайындау рәсіміне қатысты. Ресми шарадан кейін ҚР Елшісі Сан-Марино республикасының басшылығымен кездесті, деп хабарлайды ҚР СІМ баспасөз қызметі.

«Сан-Маринода жылына екі рет өтетін лауазымға тағайындау рәсімі тек ерекше салтанаттылығымен ғана емес, сонымен қатар бірнеше жүз жылдықбойы келе жатқан хаттамаға сәйкес қиындығымен де ерекшеленеді» делінген хабарламада.

Дәстүр бойынша, Валлони палаццода билікті табыстау рәсіміелдің дипломатиялық және консульдық корпустарының, елдің көрнекті саясат және қоғам қайраткерлерінің қатысуымен өткізіледі.

Айта кету керек, рәсім аяқталғаннан кейін қазақстандық дипломатиялық өкілдік басшысы Сан-Марино капитан-регенттері Жан-Карло Капиччони және Анна Мария Муччолимен әңгіме-дүкен құрды, осы әңгімелесу барысында екі ел ынтымақтастығының өзекті мәселелері талқыланды.

Сан-Марино басшылығы сыртқы саяси өзара іс-қимыл, сауда-экономикалық ынтымақтастық, туризм, мәдениет және өнерді қоса алғанда,түрлі секторлардағы екіжақты байланысты белсендендіруге қызығушылығын білдірді.

 

Барлық жаңалықтар