• Басты
  • Жаңалықтар
  • Жамбыл облысындағы химия зауыты жылына 15 мың тонна натрий цианидін өндіреді

Жамбыл облысындағы химия зауыты жылына 15 мың тонна натрий цианидін өндіреді

4 Ақпан, 2015 11:06
Жамбыл облысы Талас ауданындағы алтын өндіруші кәсіпорындар үшін реагенттер өндіретін химия зауыты 2014 жылы 27 маусымда іске қосылды.

Ақпарат бойынша, зауыт жылына 15 мың тонна натрий цианидін, 5 мың тонна амоний сульфатын өндіреді.   Жалпы, жобаны «Talas Investment Company»ЖШС ұсынған.

Аталып өткендей, жобаның құны 12 900 млн теңгені құрады, ҮИИДМБ аясында «Бизнестің жол картасы  - 2020» бағдарламасы бойынша банктегі 4,5 млрд теңге несиенің пайыздық үстемақысы субсидияланды. Бұдан басқа, 2012-2020 жылдары моноқалаларды дамыту» бағдарламасы шеңберінде несиенің сыйақысын субсидиялауға 744 млн теңге бөлінді.

Зауытқа 1,47 млрд теңгеге барлық инфрақұрылым тартылған, олар – автожол, телефонизация, ауыз су және техникалық су, кәріз, газқұбыры пен ЖЭТ.

Айта кетерлік жайт, құрылыс барысында 873 адам жұмыспен қамтылып, 491 адам зауыт ашылғаннан кейін тұрықты жұмысқа орналастырылды. 

Барлық жаңалықтар