- Басты
- Жаңалықтар
- Қостанай облысында 18 млрд теңгенің 30 меморандумы жасалды
Қостанай облысында 18 млрд теңгенің 30 меморандумы жасалды
Премьер-Министрдің ресми сайты хабарлағандай, вице-премьер жергілікті қамтуды дамыту және халықты жұмыспен қамту мәселелері бойынша кеңес өткізді.
Кеңес қорытындысы бойынша «Қазақтелеком» АҚ, «КЕГОК» АҚ, «АгромашХолдинг» АҚ, «Қостанай минералдары» АҚ, «ССГПО» АҚ, «Орион Минералс» ЖШС және т.б. ұлттық компаниялар мен кәсіпорындар арасында жұмыс орындарын сақтау, өндіріс үдерістерін тұрақтандыру, сондай-ақ жергілікті қамтуды дамыту бойынша меморандумдарға қол қойылды. Жалпы 18 млрд теңге сомаға 30 меморандум жасалды.
Қол қою барысында Б.Сапарбаев Үкімет пен жергілікті атқарушы органдар тарапынан бизнесті дамыту бойынша жан-жақты қолдау көрсетілетінін атап өтті.
«Біз кәсіпкерлік ортаны жақсартамыз, және мүмкіндігінше отандық нарықта осы жұмыс берушілер өндіретін тауарлар мен көрсететін қызметтерге деген сұранысты кеңітуге қол ұшын береміз. Біздің ынтымақтастығымыз еңбек нарығын сауықтыруға мүмкіндік беріп, еңбек ұжымдарында әлеуметтік қауырттылықтың артуына жол бермейді деген үміттеміз», - деп баса айтты вице-премьер.
-
30 жыл: ҚР машина жасау саласы қандай жетістіктерге жетті -
Қазақстан сыртқы саясатының 30 жылдық белестері -
Ұлттық валюта күні: Теңгенің айналымға ену тарихы мен жеткен жетістіктері -
30 жыл: Жаһандық бастамалардың халықаралық қауіпсіздікке қосқан үлесі -
30 қазақстандық компания «Жасыл кеңсе» конкурсының жеңімпазы атанды -
Маңғыстау облысында коронавирустық инфекцияның таралуын болдырмау шаралары -
Тәуелсіздікке 30 жыл: Ұлттық бірлікті нығайтудағы ҚХА рөлі -
Мүгедектігі бар адамдар Әлеуметтік қызметтер порталы арқылы 300 мыңнан астам қызмет алды -
Маңғыстауға Қостанай облысынан 32 миллион теңгеге тегін мал азығы әкелінеді -
Б.Байжұманов: Алматы облысында коронавирус жұқтырғандар саны азайды -
Мүгедектік және асыраушысынан айырылғандарға 260 млрд теңге жәрдемақы төленді -
ІІМ: Жамбыл облысындағы жарылыс және балалардың жолдағы қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселелері -
Семей ядролық сынақ полигоны жабылуының 30 жылдығына орай АҚШ Мемлекеттік департаменті мәлімдеме жариялады -
Токио-2020: Спортшылардың олимпиададағы нәтижесіне талдау жасалды -
Елордада орта есеппен күн сайын 300 адам ауруханаға түседі