Матыбұлақ полигонында 25 экипаж ЖӘС қаруынан атуды пысықтауда (Фото)

4 Ақпан, 2015 11:52
ҚР ҚК Құрлық әскерінің «Оңтүстік» өңірлік қолбасшылығы аймағындағы Матыбұлақ полигонында атыс бойынша оқу-жаттығулар өтуде, оның ішінде ЖӘС қаруыннан ату пысықталуда.

Оқу-жаттығу 2015 жылдың 2 ақпанында әскери бөлімшенің командирі, полковник Қуаныш Үштаевтың төрағалығымен өтті. Шараға 20  техника бірлігі, ЖӘС 25 экипажы, 250 келісім шарт бойынша қызмет ететін әскери қызметкер тартылды, деп хабарлады қорғаныс министрлігі.

«Тәжірибелік  сабақтар ату бойынша жеке құрамның тәжірибесін щыңдап, экипаж жұмысын автоматтандыру деңгейіне жеткізу үшін жүргізіліп отыр», - делінген хабарламада.

Шара полигонның арнайы қондырғыланған аймағында өтуде. 

Барлық жаңалықтар