Астанада «Астаналық білім» атты алғашқы педагогикалық газет ашылды

2 Қазан, 2013 19:25
Астанада мұғалімдер күні қарсаңында білім беру ұйымдарын ақпараттық демеу мақсатында «Астаналық білім» атты алғашқы педагогикалық газет ашылды, деп хабарлайды елорданың білім басқармасы.

Басылым «Позитивті оқырманға позитивті газет» ұранымен шығады, делінген хабарламада.

Газет айына 2 рет қазақ және орыс тілдерінде шығады. Газет авторлары елорданың білім беру ұйымдарының ұстаздары, мұғалімдер мен ата-аналар.

Басылымда «Жетістік студиясы», «Шеберлік құпиясы», «Әдістемелік жинақ», «Отбасылық тәрбие әліппесі», «Маман кеңесі» атты тұрақты айдарлар болмақ.

Сонымен қатар, «Жаңалықтар таспасы», «Поэтикалық клуб» пен «Шабыт минуты» айдарлары да бар.

Айта кету керек, тұрақты басылым оқырмандар арасында түрлі байқаулар жарияламақ. Бірінші нөмірдің өзінде үздік авторлыққа бәйге жарияланған.

 

Барлық жаңалықтар