- Басты
- Жаңалықтар
- 2015 жылы ҰОС ардагерлері мен тыл еңбеккерлері 5,6 млрд. теңге көлеміндегі материалдық көмекке ие болады
2015 жылы ҰОС ардагерлері мен тыл еңбеккерлері 5,6 млрд. теңге көлеміндегі материалдық көмекке ие болады
Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігінің хабарлауынша, Астана мен Мәскеу қалаларындағы Жеңісті атап өтуге арналған іс-шараларға ардагерлердің қатысуына бюджеттен 61,8 млн. теңге бөлінеді.
Нақты айтқанда, бір реттік материалдық көмек келесі ретте қарастырылған: ҰОС қатысқандар мен мүгедектерге – 100 мың теңге, ҰОС қатысқандар мен мүгедектерге теңестірілген тұлғаларға, Жеңіске үлес қосқан азаматтарға – 70 мың теңге, ҰОС кезінде қаза тапқан әскери қызметкерлердің жұбайларына, ата-аналарына, Ленинград қоршауында болған тұрғындарға және Екінші дүниежүзілік соғыс жылдары фашистер мен олардың одақтастары құрған концлагерлерде, гетто және өзге де мәжбүрлеп ұстау орындарында кәмелеттік жасқа дейін тұтқында болғандарға – 30 мың теңге, тыл еңбеккерлеріне және Ұлы Отан соғысының қайтыс болған мүгедектерінің жұбайларына, Ұлы Отан соғысындағы Жеңіске қосқан үлесі үшін оларға теңестірілген тұлғаларға – 25 мың теңге.
ҚР Үкіметінің 2014 жылғы 16 қазандағы №1105 Қаулысына сәйкес бекітілген Қазақстан Республикасында Жеңістің 70 жылдығына дайындық және өткізу жөніндегі іс-шаралар жоспарында 50-ден астам іс-шара қарастырылған, оның ішінде: соғыс ардагерлерін «1941-1945 жылдардағы Ұлы Отан соғысындағы Жеңіске 70 жыл» мерейтойлық медалімен марапаттау, Астана қаласында соғыс ардагерлерінің және тыл еңбеккерлерінің қатысуымен Отан қорғаушылар күніне және Жеңістің 70 жылдығына арналған әскери шеру өткізу сынды шаралар жоспары жүзеге асырылады.
Сондай-ақ, салтанатты жиындар, концерттер, кездесулер, кітаптардың тұсаукесерлері, фото және кітап көрмелері, спектакльдер, студенттер мен оқу орындары оқушыларының, жастар ұйымдарының қатысуымен мерекелік шерулер өткізу жоспарлануда.
2015 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша, Қазақстанда 5 037 - Ұлы Отан соғысына қатысқандар мен мүгедектер, 1 434 – Жеңіске қосқан үлесі үшін Ұлы Отан соғысына қатысқандар мен мүгедектерге теңестірілген тұлғалар, 195 – қайтыс болған (із-түссіз жоғалып кеткен) сарбаздардың жесірлері, 9870 –Ұлы Отан соғысының қайтыс болған мүгедектері мен оларға теңестірілген мүгедектердің әйелдері, сондай-ақ, соғысқа қатысқандар, партизандар, астыртын жұмыс істегендер, «Ленинградты қорғағаны үшін» медалімен және «Қоршаудағы Ленинград тұрғыны» төсбелгісімен марапатталғандар, жалпы ауру, еңбек жарақаты нәтижесінде мүгедек боп танылғандар, Ұлы Отан соғысы жылдары тылдағы жанкешті еңбегі және мінсіз әскери қызметі үшін бұрынғы КСРО ордендері мен медальдарымен марапатталғандар, Ұлы Отан соғысы жылдары тылда 6 айдан кем емес еңбек еткендер тұрады.
-
Қазақстан мен әлемдегі эпидемиологиялық жағдай: «Омикрон» штамы әлемнің 20 мемлекетінен табылды -
ТЖМ: Газ баллондар мен газ жабдықтарын қалай пайдалану керек -
Инвестициялық саясат: ТШИ, саладағы негізгі трендтер мен өңірлердегі инвестиция тарту мәселесі -
ЖИТС және АИТВ: Ауруды алдын-алу мен емдеу шаралары -
Қазақ тілінде дыбысталған тағы бір фильм көрерменге жол тартты -
Жергілікті қамтуды дамыту: Инвестиция қоры, қосылған құн салығы мен мұнай-газ саласы -
Қай қалалардың әуежайында цифрлы жеке куәлікті қолдануға болады -
Түркістан облысы: Өңірдегі эпиджағдай, жұмыссыздық мәселесі мен әлеуметтік-экономикалық дамуы -
Ағзадағы темір тапшылығы: Себептері мен салдары -
ТДМ: Климаттың өзгеруі, экологиялық сауатталықты арттыру мен қоқыс тастау мәдениетін қалыптастыру мәселелері -
Ұлттық кеңес: Медицина кадрының жетіспеушілігі, ана мен баланың қауіпсіздігі және білім саласындағы мәселелер -
ДСМ: 1500-ден астам бала мен жүкті әйел коронавирусқа қарсы вакцина алды -
Магистратура/докторантура: Құжат қабылдау мерзімі ұзартылды -
Жалға берілетін тұрғын үй: Алматылық жастар үшін талаптары қандай -
ITEC: Оқу бағдарламасының мүмкіндіктері мен ерекшеліктері