• Басты
  • Жаңалықтар
  • Буенос-Айрес қаласында Қазақстан мен Аргентинаның ішкі саясат ведомство басшыларының кездесуі өтті

Буенос-Айрес қаласында Қазақстан мен Аргентинаның ішкі саясат ведомство басшыларының кездесуі өтті

2 Қазан, 2013 19:12
Қазақстан және Аргентина ІІМ екіжақты ынтымақтастықты белсенділендіруге келісті, деп ведомствоның баспасөз қызметі хабарлады.

 «Екіжақты қарым-қатынастың барлық спекторы, сондай-ақ ғаламдық мәселелер Е.Ыдырысовтың аргентиналық әріптесі Хектор Тимерманмен кездесуі барысында талқыға салынды. Тараптар даму басымдықтарының ұқсастығын, халықаралық сипаттағы мәселелер бойынша көзқарастар мен ұстанымдардың жақындығын атап өтті», -деп хабарламада жазылған.  

Сонымен қатар, министрлер саяси кеңестерді іске қосу механизмі туралы және ресми делегацияларды визалық талаптардан босату туралы Келісімдерге қол қоя отырып, екіжақты ынтымақтастықты белсендендіруге келісті. Қазақстандық министрдің шақыруымен, Х.Тимерман 2014 жылы Астанаға келуді жоспарлап отыр.

Е.Ыдырысов Х.Тимерманның Астанаға жауапты сапары кезінде тиісті келісімге қол қойып, келесі жылдан бастап Қазақстан азаматтары Аргентинаға визасыз сапар шегу мүмкіндігіне қол жеткізуі үшін, өзінің аргентиналық әріптесімен екі ел арасында жақын арада толығымен визалық талаптардан босату жөнінде келісім бойынша жұмыстарды бастауға келісті.

Барлық жаңалықтар